Қазақстандықтар алғаш рет Ұлттық кітап күнін атап өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар алғаш рет Ұлттық кітап күнін атап өтіп жатыр Midjourney

Бүгін, 23 сәуірде, Қазақстанда алғаш рет ресми түрде маңызды мәдени мереке – Ұлттық кітап күні атап өтіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 23 сәуірде, Қазақстанда алғаш рет ресми түрде маңызды мәдени мереке – Ұлттық кітап күні атап өтіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекеттік мерекені енгізу бастамасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көтерді.

Жаңа мерекелік күнді енгізу туралы Үкімет қаулысы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енген.

Кітапханалар статистикасы

Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардағы Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 3920 көпшілікке арналған кітапхана жұмыс істейді. 2024 жылы дәл осы кітапханалар елдегі ең көп баратын мәдени орындарға айналған.

Бір жылдың ішінде қазақстандық кітапханаларға 55,4 миллионнан астам адам барған. Бұл кинотеатрлардың (23,3 миллион) көрсеткішінен екі жарым есе көп.

Елдегі кітапты ең көп оқитын өңір – Алматы, мұнда кітапханаларға 5,5 миллионнан астам адам барған. Сондай-ақ үздік үштікке Солтүстік Қазақстан облысы (4,5 миллион), Түркістан облысы (4 миллион) және Ақмола облысы (3,7 миллион) кіреді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети