Қазақстандықтар шілдеде қосымша бір күн демалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар шілдеде қосымша бір күн демалады Фото:depositphotos.com/MaxZolotukhin

2025 жылғы шілдеде қазақстандықтарда қосымша бір күн демалу мүмкінгі болады. Tengri Life бос уақытты алдын ала жоспарлап, демалыс күндерін өткізіп алмау үшін ыңғайлы күнтізбе дайындады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылғы шілдеде қазақстандықтарда қосымша бір күн демалу мүмкінгі болады. Tengri Life бос уақытты алдын ала жоспарлап, демалыс күндерін өткізіп алмау үшін ыңғайлы күнтізбе дайындады.

2025 жылғы шілдеде қазақстандықтарды басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай ұзақ демалыс күндері күтіп тұр. Бұл мереке дәстүрлі түрде 6 шілдеде атап өтіледі және ел астанасының 1998 жылы Алматыдан Астанаға көшірілуіне арналған.

Жыл сайын бүкіл ел бойынша ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. Әсіресе Астанада мазмұнды бағдарлама жоспарланған. Елордада концерттер, фестивальдер, жәрмеңкелері мен көрмелер ұйымдастырылады.

Астана күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?

2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, осыған байланысты "Мерекелер туралы" заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбі – 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтарды қатарынан үш күндік демалыс күтеді: 5, 6 және 7 шілде.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) – демалыс күндері.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
  • 6 және 7 шілде (жексенбі мен дүйсенбі) – демалыс күндері.

График выходных и рабочих дней в июле 2025 года в Казахстане: праздничный день - 6 июля - Tengrinews.kzTengrinews.kz/Серикболсын Алибеков

2025 жылғы шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?

2025 жылдың шілдесінде қазақстандықтар (5 күндік жұмыс аптасында) 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал 6 күндік жұмыс кестесіне сай жұмыс істейтін тұрғындар 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.

Шілдедегі кәсіби мерекелер

Шілдеде ресми демалыс күндері болып саналмайтын кәсіби мерекелерге де бар. Міне, маңызды даталар тізімі:

  • 2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні;
  • 6 шілде (айдың бірінші жексенбісі) – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;
  • 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
  • 10 шілде – Ветеринария қызметкерлерінің күні;
  • 13 шілде – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарының күні;
  • 13 шілде (айдың екінші жексенбісі) – Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
  • 14 шілде – Нотариат күні;
  • 20 шілде (айдың үшінші жексенбісі) – Металлург күні;
  • 27 шілде (айдың төртінші жексенбісі) – Сауда қызметкерлерінің күні.
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети