Қазақстандықтар такси шақыру бойынша рекордты жаңартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар такси шақыру бойынша рекордты жаңартты Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында такси қызметтеріне сұраныс рекорд көрсеткішке жетті. Бұл кезеңде такси арқылы 20,6 миллион жолаушы қатынаған, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DataHub деректеріне сүйене отырып.

Қаңтар және ақпан ерекше табысты болған, әр айда шамамен 10 миллион жолаушы тасымалданған. Мұндай тренд 2024 жылдың аяғынан бері сақталып келеді. Ол кезде ай сайынғы тасымал көлемі 7 миллионнан асып түскен болатын.

Әдетте, такси қызметтеріне сұраныс маусымдық өзгерістерге байланысты: ең жоғары көрсеткіштер желтоқсанда тіркеліп, қаңтарда төмендейді. Алайда, графикте мұндай тұрақты маусымдық өзгерістердің байқалмайтыны көрсетілген.

Такси арқылы қатынаған жолаушылар саны арнайы формула бойынша есептеледі. Бұл формула бір адамның есептік кезең ішінде бірнеше рет такси қызметін пайдалану мүмкіндігін ескереді. Дегенмен, нақты сапар санын анықтау қиын, себебі қазіргі уақытта таксиде жолаушыларды есептейтін арнайы құрылғылар орнатылмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети