Қазақстандықтар жаңа жұмыс кестесіне ауыса алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар жаңа жұмыс кестесіне ауыса алады Фото:depositphotos.com

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында өңірлерде мәслихат депутаттары жұмыс кестелерін түзету арқылы жұмыс уақытын оңтайландыру жөніндегі бастаманы қолдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында өңірлерде мәслихат депутаттары жұмыс кестелерін түзету арқылы жұмыс уақытын оңтайландыру жөніндегі бастаманы қолдағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр бұл шаралар кәсіби және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын мәлімдеді.

"Бүгінде ШҚО-ның бірқатар ауданында (Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Күршім) жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін түзетіліп, тұрғындар тарапынан оң баға мен қолдау тапты. Қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде қолданады", - деді Арман Шаққалиев.

Еске салайық, 5 қаңтардан бастап Катонқарағай ауданының 17 ауылы жұмыс күнін 08:00-де бастап, 17:30-да аяқтайтын "жеке" жұмыс кестесіне көшті, ал 24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының тұрғындары да осы тәртіпке өтті.

5 наурыздан бастап Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Самара аудандарының тұрғындары да жұмыс күнін бір сағат ертерек бастайтыны белгілі болды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +29
Ақтау +25
Ақтөбе +27
Атырау +28
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +31
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +29
П
Павлодар +29
Петропавл +29
С
Семей +24
Т
Талдықорған +25
Тараз +30
Түркістан +21
О
Орал +25
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер