Қазақстандықтарға екі жерде жұмыс істеуге бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға екі жерде жұмыс істеуге бола ма? Фото:depositphotos.com

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлермен арадағы еңбек шартын арнайы ақпараттық жүйеге жүктеуге міндетті. Алайда министрлік қанша адам екі жерде жұмыс істейтінін қадағаламайды және бұған заң бойынша тыйым салынбайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық жұмыс берушілер қызметкерлермен арадағы еңбек шартын ақпараттық жүйеге жүктеуге міндеттелген.

"Бұл - Еңбек кодексінің нормасы, соған сәйкес жұмыс беруші жүйеге өз қызметкерінің еңбек шартын жүктеуге міндетті. Бұл қызметкердің құқығын қорғау, яғни онымен еңбек шарты жасалғанын, онда не қарастырылғанын, жалақы қандай болатынын және қандай еңбек жағдайында жұмыс істейтінін растау үшін жасалады", - деп түсіндірді ол.

Еліміз бойынша 7 миллион жалдамалы жұмысшы бар, жүйеде 4 миллион адам есепке алынған, қалған қазақстандықтар азаматтық-құқықтық шарттар мен басқа да құжаттар бойынша жұмыс істейді.

Журналистер сұрағы: "Ведомство екі жерде жұмыс істейтін қазақстандықтарды қадағалай ма және бұған заң бойынша тыйым салынған ба?"

"Азамат негізгі және толық емес жұмыс күні бойынша жұмыс істесе, оған заңмен тыйым салынбайды. Бұлай жасауға болады. Айта кетейін, біз қанша қызметкер қосымша жұмыс істейтінін есепке алмаймыз", - деп жауап берді Асқарбек Ертаев.

Еңбек кодексіне сәйкес азаматтар бірнеше жерде және әртүрлі жұмыс берушіге жұмыс істей алады. Дегенмен шектеу бар: негізгі жұмыс 8 сағаттан, қосымша жұмыс 4 сағаттан аспайды, сонда күніне 12 сағаттан аспауы керек. 

Екі жерде де толық жұмыс істеуге заңмен тыйым салынған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети