Қоғамдық орында мас жүргендерге қандай жаза бар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоғамдық орында мас жүргендерге қандай жаза бар? Фото: Freepik

Павлодар облысында қоғамдық орындарда мас жүрген 9 мыңнан аса адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында қоғамдық орындарда мас жүрген 9 мыңнан аса адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ІІМ мәліметінше, көптеген құқықбұзушылық дәл осы алкогольдің кесірінен болады.

"Биыл облыс аумағында мас күйде жасалған 610 қылмыс тіркелді. Қоғамдық орындарда алкоголь ішкен, аулада, кіреберісте, аялдамада және саябақтарда мас жүрген адамдар туралы 5822 рет 102 нөміріне қоңырау шалынды. Бір тәулік ішінде осындай 36 хабарлама тіркелді", - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызмет өкілі.

Мәселен, Торайғыров көшесіндегі үй тұрғыны бесінші қабаттағы кіреберісте мас адам жатқанын хабарлады. Сол секілді М.Жүсіп көшесіндегі үй маңынан тағы бір мас адам табылған. Полиция қызметкерлері бұл адамдарды уақытша бейімделу және детоксикация орталығына жеткізіп, кейін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сол күні академик Шөкин көшесінің тұрғындары кіреберістің маңында мас адамдар төбелескелі жатыр деп хабарлаған. Полицейлердің жедел келуі арқасында бұзақылықтың алды алынды. Мас күйінде қоғамдық орында жүргендері үшін кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды.

Қоғамдық орындарда ішімдік ішкені және мас күйде жүргені үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке дейін артады.

Айта кетейік, азаматтар мас күйде жүргендер туралы 102 нөміріне немесе Police 102 мобильді қосымшасы арқылы хабарлай алады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети