Қомақты айыппұл салынады: Алматы тұрғындарына жаңа тыйым туралы ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қомақты айыппұл салынады: Алматы тұрғындарына жаңа тыйым туралы ескерту жасалды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімдігі газ жүргізілген аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі газ жүргізілген аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кімдерге тыйым салынады?

Шектеу жеке тұрғын үйлерге, моншаларға және көпқабатты үйлерді жылытатын жеке қазандықтарға (егер газға қосылу мүмкіндігі болса) қолданылады.
Төтенше жағдай кезінде жылу және энергиямен жабдықтаудың резерв көздерін пайдалануға рұқсат етіледі.

Бұл талаптар жылыту қазандықтарын пайдаланатын шаруашылық субъектілеріне де қолданылады. Шығарындылар көздері ластаушы заттарды тазарту қондырғыларымен міндетті түрде жабдықталуға тиіс. Сонымен қатар, арнайы техника, бензин және дизель генераторлары да экологиялық талаптарға сәйкес болуы қажет.

Газдандыру деңгейі және айыппұлдар

Әкімдік мәліметінше, Алматының жеке секторында газдандыру деңгейі шамамен 99,6%, яғни үйлердің басым бөлігінде табиғи газға қосылу мүмкіндігі бар.

Tengrinews.kz тілшісіне әкімдікте нормаларды бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 324-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын нақтылаған:

  • жеке тұлғаларға – ескерту немесе 10 АЕК айыппұл (2026 жылы 43 250 теңге);
  • лауазымды тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК (64 875 теңге);
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК (86 500 теңге);
  • ірі кәсіпорындарға – 100 АЕК (432 500 теңге).

Алматыда 2026 жылы 30 желтоқсаннан бастап қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 491.89  course up  585.31  course up  6.38  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети