Құрбан айт намазы қалай оқылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрбан айт намазы қалай оқылады? Нұрғиса Елеубеков (фото)

 Құрбан айтта оқылатын намаздың басқа уақытта оқылатын намаздан айырмасы бар ма? Құрбан айт намазында қандай сүрелер мен дұғалардың оқылуы міндетті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Құрбан айтта оқылатын намаздың басқа уақытта оқылатын намаздан айырмасы бар ма? Құрбан айт намазында қандай сүрелер мен дұғалардың оқылуы міндетті?

Рахман, Семей қаласы

Имамдардың айтуынша, айт намазы жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды. Мысалы, имам "Алла разылығы үшін екі ракағат Құрбан айт намазын оқуға ниет еттім" деп ниет етсе, жамағат: "Екі ракағат Құрбан айт намазын оқуға ниет еттім, ұйыдым имамға" деп ниет етеді. "Аллаһу әкбар" деп тәкпір айтылып, құлақ қағылып, қол байланады. Имаммен бірге жамағат құпия түрде "Субханәкә Аллаһуммә" дұғасын оқиды. Одан кейін имам – жария түрде, жамағат – құпия түрде "Аллаһу әкбар" деп, үш рет тәкбір алады. Әрбір тәкбірді айтқанда қолдар жоғары көтеріліп, екі жанына түсіріледі. Үшінші тәкбірден кейін қол байланып, имам "Әғузу" мен "Бисмиллаһты" құпия түрде, одан кейін "Фатиха" мен қосымша сүрені дауыстап оқиды. Кейін жария түрде "Аллаһу әкбар" деп рүкүғ пен сәждеге барады. Жамағат та имаммен бірге рүкүғ пен сәждеге барады. Содан кейін екінші ракағатқа бастайды. Имам құпия түрде – "Бисмилланы", жария түрде "Фатиха" сүресін және қосымша сүрені оқиды. Міне, осыдан кейін алғашқы ракағаттағыдай үш рет "Аллаһу әкбар" деп тәкбір алады.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети