Қыста көлік өртенбеуі үшін не істеу керек?

Фото: depositphotos.com

Құтқарушылар көлікті өрттен сақтау үшін көлік жүргізушілеріне маңызды кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құтқарушылар көлікті өрттен сақтау үшін көлік жүргізушілеріне маңызды кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ТЖМ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет екенін еске салды:

  • техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
  • электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
  • әрқашан өртсөндіргішті көлік салонында ұстаңыз;
  • қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылаңыз;
  • көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамаңыз;
  • жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдаңыз.

"ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Көлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қыста көлік көп өртке оранады. Мәселен, кеше Атырау облысында көлік жанып, 15 минут ішінде сөндірілді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама