Ресейдің банктері Қазақстанға қиын тимей ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің банктері Қазақстанға қиын тимей ме?

 Ресейдің бірқатар банктері бірінен-соң бірі дефолтқа түсудің алдына тұр. Кешелі бері Ресей экономистері осылай даурығуда. Елдегі банктердің 2008 жылдан бері капиталын қомақты ете алмай келе жатқанын алға тартқан ресейлік қаржыгерлер «қалыптасқан нақ қазіргі экономикалық ахуал банктердің жағдайын тіптен нашарлатып жіберді» деп отыр.

Мәселен, Ресейдегі Алфа-банктің макроэкономикалық сараптама бөлімінің жетекшісі Наталия Орлованың айтуынша, банктердің қаржылық жағдайы өте қиын. Елде корпоративтік несие алу көлемі 20 пайызға дейін өскен. Қайтарылмай жатқан несие көлемі өз алдына, елден капиталдың қашуы банктердің ісін тіптен тұралатып жіберген. Депозиттік базадағы ахуал тіптен мүшкіл.

Міне, елдегі банктер дағдарысының осылайша тым өршіп бара жатқанын алға тартқан мамандар қазірде Ресейдің Орталық банкінен банктерді қолдауды, оларға қандайда бір жеңілдіктер қарастырып, қайсыбір жағдайы мүшкіл банктерді қанатының астына алуды нұсқап отыр.

Жалпы, деректерге жүгінсек, қазір Ресей банктерінің Орталық банк алдындағы қарызы 3 трлн рубльден асып кеткен. Мұны ескерген мамандардың біразы елдегі жағдайды бажайламастан өзге банктер арқылы мемлекеттік компанияларға осынша қарыз берген Орталық банктің бұл әрекетін қатты сынға да алуда.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети