Осы аптада Ресейдің валюта нарығында екінші мәрте «қаралы сейсенбі» жарияланып, рубль тағы рекордтық көрсеткішке дейін төмендеді. Қазір Мәскеу қор биржасында бір доллар 67,78 рубль, ал бір евро 84,58 рубль болып тұр. Рубльдің күн санап құнсыздануына қатысты қазірде Ресей экономистері өз ойларын тұс-тұстан талқыға салуда. Ресей сарапшыларының пайымдауынша, рубльдің құнсыздануын тежеп ұстап тұру үшін Ресейдің алтын-валюта қорынан қомақты қаржы алуға тура келеді. Мысалы, бұған дейін Ресей Орталық банкі рубльді қолдау үшін тек қана қараша айының бастапқы үш күнінде ғана 454,2 миллиард АҚШ долларын жұмсаған. Бұған қатысты мамандар «рубльді ұстап тұру үшін алтын-валюта қорыннан көсіп қаржы ала беру Ресей үшін тиімсіз. Сондықтан келешекте Ресей доллардан бас тартып, қазірдің өзінде доллардан арылуға барын салуда» дейді.

Жалпы, рубльдің алдағы уақытта түзілу бағамына қатысты халықаралық Экономикалық даму орталығының сарапшылары «Ресейден сыртқа жылыстайтын капитал қазіргі қарқынын азайтпаса, 2014 жылдың соңына таман рубль тағы да 20 пайызға түседі» деп құлаққағыс жасаған болатын. Ресейдің макроэономикалық көрсеткішінің төмендей түсуінен, жалпы экономикалық аухалдың ауырлауынан онсызда алтын-валюта қоры ортайып кеткенін алға тартқан мамандар, «алдағы уақытта Ресей алтын-валюта қорынсыз қалуы мүмкін» деп те дабыл қағып отыр. Міне, осының барлығын електен өткізіп, таразылап отырған сарапшылар ендігі кезекте Ресей үшін алтын-валюта қорын әртараптандыру маңызды екенін алға тартуда.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.