«Селигер» жастар форумындағы Путиннің «Қазақтарда мемлекет болған емес...» деген мәлімдемесі біздің қоғамды бір дүрліктіріп, жағамызды ұстатқан еді. Саясаткерлердің, қоғам белсенділерінің бұл реттегі пікірін «Алаш айнасы» кеше жариялаған болатын. Ал бүгін оқырмандарымызға Ресей президентінің осы мәлімдемесіне қатысты орыс тілшісі Максим Шевченконың «Казахстан и проклятье «бремены белых» атты мақаласын ұсынбақшымыз. Бірақ біз мақаланың мағынасына қарай атауын «Ресей құрметтеуді білмейді» деп өзгертіп беруді жөн көрдік.
«Селигер» жастар форумындағы Путиннің «Қазақтарда мемлекет болған емес...» деген мәлімдемесі біздің қоғамды бір дүрліктіріп, жағамызды ұстатқан еді. Саясаткерлердің, қоғам белсенділерінің бұл реттегі пікірін «Алаш айнасы» кеше жариялаған болатын. Ал бүгін оқырмандарымызға Ресей президентінің осы мәлімдемесіне қатысты орыс тілшісі Максим Шевченконың «Казахстан и проклятье «бремены белых» атты мақаласын ұсынбақшымыз. Бірақ біз мақаланың мағынасына қарай атауын «Ресей құрметтеуді білмейді» деп өзгертіп беруді жөн көрдік.
Владимир Путин қазақ халқын қорлайын деген жоқ, оған мен сенімдімін. Ол бұл арада, керісінше, Нұрсұлтан Назарбаев туралы, қазақтар туралы және Қазақстан жөнінде жақсы сөз айтуға барынша тырысты. Сөйтіп, арадағы достығымызды, одақтас қарым-қатынасымызды ерекшелеп көрсетіп, ортақ ұстанымдарымызды нығайтқысы келді.
Бірақ барлығы керісінше болып шықты – Назарбаевпен, қазақ халқымен арадағы достық туралы жақсы сөздер естілмей қалды, ал «Қазақстан территориясында мемлекет болған емес» деген сөз бізді бас салды деп қабылданды. Неге бұлай болды? Оның жауабы біз ойлағандай оңай емес...
Ағылшынның империализм дәуіріндегі ұлы ақыны Киплинг еуропалықтардың қалған адамзат қауымына мұндай қарым-қатынасын «ақ нәсілділер кезеңі» деп атаған. Демек, ол кезеңде ағылшын отарлаушылары өркениет, мемлекет және тәртіп – барлығы тек өздеріне тиесілі деп есептеген. Ал «ақ нәсілділер әлемінен» тысқарылар – варварлар, мемлекеттігі жоқ, соған сәйкес заң мен тәртіптері жоқ деп саналған.
«Ақ нәсілділер кезеңі» - варварлар мен эллиндер қарым-қатынасынан бастау алатын батыс адамзаты миындағы жаңсақ пайым.
Эллиндер – өркениетті, ал парсылар, мысырлықтар, индустар (Ескендірге бетпе-бет келгендердің барлығы) – варварлар.
Бірақ эллиндер басқа халықты жек көрген жоқ. Ескендір Ұлы Кирдің бейітін қадір тұтты, Платон мысыр мәдениетін түсініп, терең зерттегісі келді. Сондықтан эллинизмді халықтың басым бөлігі жақсы қабыл алды.
«Ақ нәсілділер кезеңі» кәстөм-шалбар кимегендерді, еуроцентризм ойы шеңберінен шығып кететіндерді, еуропалық құқық жер бетіндегі жалғыз ақиқат екендігін мойындамайтындарды, еуропалық құндылықтарды жалғыз маңызды әрі дамытушы деп санамайтындарды капиталистік бюрократия тұрғызынан жек көріп, оларды жаулап алушы болып табылады.
«Ақ нәсілділер» кезеңі адамзатқа сансыз қасірет әкелді, миллиондаған адамдарды Еуропаның, кейіннен Американың бюрократиясы мен капиталына құл етіп жекті, құлдықта сансыз адам мерт болды.
Ол қанды орақ түрінде бұрынғы Ресей территориясын да орып өтті. Күштеп христиандыққа бас игізуде Поволжья халқы қудалауға ұшырап, құлдыққа түсіп, сау-тамтығы қалмады.
Қанға бөккен Кавказ аңырап бос қалды, оның мыңдаған ұл мен қыздары бет ауған жаққа қашуға мәжбүр болды.
Бүгіндері ресейлік космополиттік капитализмнің жұмысшы малына айналған Орталық Азия халқы ол кезде ашықтан-ашық геноцидке ұшырады.
Сібір мен Қиыр Шығыс тайпаларының жерлері күштеп тартып алынды.
Әмбебап Ресей империясы бюрократының көзқарасы бойынша, ол - жаратылыстың күмбезі, Лондоннан, Берлиннен және Парижден «қол созымдағы» ақ нәсілді еуропалық, тіпті сол «Лондонның, Берлиннің және Париждің нақ өзі», бірақ шекарасы Азияда жатыр...
Ал сол Азиядағы батыс өркениетінің сәулесіне көмілген алақанға салған империялары – оның билігін, оның қаһарлы күші немесе шапағатты сыйлығы мен мақтауын қабыл алуы тиіс жабайылар.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...