26 қараша 2014 | 20:47

Ресей мен Абхазия келісімі Қазақстанға зиян болмай ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Ресей халықаралық құқықты бұзып, әлем саясатшыларын тағы бір дүрліктіріп жатыр. Оған түрткі – осы дүйсенбі күні Ресей мен Абхазияның арасында қол қойылған келісім. Грузия мұны Абхазияны Мәскеудің заңды түрде еншілеуі деп жорыса, тағы бірі Оңтүстік Кавказ қайтадан отқа орануы ықтимал десіп жатыр...


Иконка комментария блок соц сети

 Ресей халықаралық құқықты бұзып, әлем саясатшыларын тағы бір дүрліктіріп жатыр. Оған түрткі – осы дүйсенбі күні Ресей мен Абхазияның арасында қол қойылған келісім. Грузия мұны Абхазияны Мәскеудің заңды түрде еншілеуі деп жорыса, тағы бірі Оңтүстік Кавказ қайтадан отқа орануы ықтимал десіп жатыр...

Кеше Грузия президенті Ресей мен Абхазия арасында қол қойылған бұл келісімді Оңтүстік Кавказдағы тұрақтылыққа қауіп төндіретін, Абхазия территориясын аннексиялауға жасалған қадам деп мәлімдеді. АҚШ та бұл келісімді мойындамайтынын ресми түрде растады. Европалық одақ елдері де оған қарсы үдере бас көтеріп жатыр.

Бәрінен бұрын бұл келісім Қазақстан мүше боп табылатын әскери одақ – ҰҚШҰ (ОДКБ) қағидаттарына қайшы келеді. Өйткені бұл одаққа мүше мемлекеттер кезінде Абхазия мен Оңтүстік Осетия тәуелсіздігін мойындамаған. Ал Ресей одақ шарты бойынша одақтастары құп көрмеген жобаны қолға алмауы тиіс. Бірақ қазіргі жағдай, керісінше орын алып отыр.

«Алаш айнасы» хабарласқан саясаттанушы Нұрлан Сейдін «мұны одақтастарын менсінбеу деп түюге болмайды, керісінше тығырыққа тірелген Ресейдің қарманғанда қолға ілінгені осы болды деп түсінген дұрыс деген ой айтады.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети