Еуразиялық экономикалық одақты құрудың алдында ортақ валюта енгізу мәселесі қызу талқыға түскен еді. Сол тұста сарапшылар саяси астар іздеп, сан алуан болжамдар жасаса да, ұйымның басы-қасындағылар «ондай валюта болмайды», - деп үзілді-кесілді жауап берген-тін. Алайда бертін келе, Ресей өз тарапынан бұл мәселені қайтадан көтерді. Сонда бұл бастама нақты болатын іс пе? Жоқ, әлде қазіргі санкцияға жауап берудің кезекті бір айла шарғысы ма?

АҚШ пен Батыстың санкцияларынан кейін Ресей біраз әлсіреді. Мұнайдың әлемдік бағасы құлдырап, бюджетті ортайтса, екінші жағынан рубльден құн қашты. Дегенмен, бетпақ Ресей де батысқа қарап үн-түнсіз қалған жоқ. Орыстар санкцияға жауап ретінде өздері зиян шеккеніне қарамастан Еуропа асып келетін тауарларға тосқауыл қойып, тіпті оның Қазақстан мен Беларусь арқылы заңсыз өтіп кетуін барынша қадағалап бақпақшы. Дегенмен, басқа тосқауыл болса да, әбден дендеген доллар рубльдің құтын қашырды. Содан болса керек, бір кездегі жабық тақырыпқа қайта жан бітіп, Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валютаны енгізу мәселесі қайтадан көтеріліп отыр. Оны да санкцияға жауап берудің бір амалы деуге болатындай. Яғни, санкцияның өзі одақтың бірыңғай ақшасын енгізуге итермелеп отырған сыңайлы десе, бұған бір кездері өре түрегелетін қазақстандық сарапшылар, доллардан ауыз күйгендіктен сәл жіпсіген сыңай танытатыны да анық.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.