Кеше Ресейдің Макроэкономикалық сараптау және қысқамерзімді болжамдар ұсыну орталығының мамандары биылғы 2015 жылы Ресейде 200-ге жуық банктің банкортқа ұшырауы әбден мүмкін екенін мәлімдеді. Аталмыш орталықтың сарапшысы Михаил Мамоновтың айтуынша, егер мемлекеттік нақты қолдау болмаса Ресейде 2015 жылы 160 банк, 2016 жылы тағы 40 банк банкротқа түсудің алдына тұр. Бұған себеп банктердің жағымсыз несие портфельінің шамадан тыс көптігі, сыртқы қарыздарының қайтарылмауы, мемлекеттік компаниялардың банктер алдындағы ірі борышын өтей алмауы. Міне, мұның барлығы қазірде Ресей банктерінің жағдайын ауырлатып, дағдартып тұр.

Сарапшылардың пайымдауынша, Ресей банктерін құрдымға кетірмей ұстап тұру үшін кем дегенде 1 трлн рубль керек. Ал Ресейдің Орталық банкі мен үкіметіне мұндай қаржыны демеу ретінде ұсыну оңай болып отырған жоқ. Бұған қатысты Михаил Мамонов «Банктерді банкроттықтан сақтау үшін көмек көлемі 1 трлн немесе 0,8 трлн рубльді құрауы керек. Экономикалық ахуалды болжай отырып біз қазір Орталық банк негізгі мөлшерлемені 17 пайыздан, 37 пайызға дейін өсіруі мүмкін екенін болжап отырмыз. Естеріңізде болса, бұл негізгі мөлшерлеме осыдан үш ай бұрын 10,5 пайыз болған. Егер негізгі мөлшерлеме тағы өсетін болса онда банктер одан әрі қарыздарын қайтара алмай қинала түседі. Қазір Ресей банктерінің Орталық банк алдындағы қайтарылмаған қарызы тіптен еселе түсті. Болашақта Ресейдегі 200-ге тарта банкті қолдау үшін қомақты қаржы қажет болады. Тоқырауға түскелі тұрған банктердің әрқайсысына ең кемі 1,2 млн рубльден асып жығылатын капитал қажет. Ал банктерді қолдауға мұндай қаржы бөлу қазір Орталық банк үшін де үкімет үшінде оңай болып отырған жоқ. Жағдайдың бұлай ушығуы кімді болсын ойлантады» дейді.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.