Рубль құнсыздана түскелі Ресейде тұтынатын тауар бағасы уақыт өткен сайын төмендеп бара жатқаны рас. Осыған байланысты Ресеймен шекаралас облыстың тұрғындары қазір тек сол жақтан сауда жасап жатқан жайы бар. Себебі, ол жақтағы тұрмыстық техника, көлік, баспана бағасының анағұрлым төмен болуына байланысты ақтөбеліктер жаппай сатып алу науқанын бастап кетті, деп жазады жергілікті «Диапазон» газеті.

«Сенбі күні Орынбордың «Автоград» автоорталығында екі жүзден астам көлік қазақстандықтарға рәсімделген», – деп хабарлайды жергілікті «Регион» телеарнасы. Бұл Ресейден сауда-саттық жасаудағы шамадан тыс белсенділікті көрсетіп отыр. Алайда сатып алудың жөні осы екен деп кез келген қалаға бара беруге болмайды. Себебі, жол торыған бұзақылардың қарасы соңғы уақыттары жиі байқалған.
Ресейден автокөлік сатып алудан тәжірибесі барлар төмен бағалы көлікке жоламауды қатаң ескертеді. Себебі, олар да сырттан келгендерді алдап және «лақтырып» кетуге дайын тұратын көрінеді. Одан қалса жол торыған баукеспелердің өзі бір «шешілмейтін» бір мәселе.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.