Кешелі бері Ресей президенті Владимир Путин Ресейге қарсы санкция салған Еуропа елдерінен азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға тыйым салатын жарлық шығарды. Аталмыш құжат бойынша, импортқа тыйым бір жыл мерзімге салынып отыр. Бұған қатысты Путин үкіметке тыйым салынуы тиіс тауарлардың тізімін жасауды тапсырды.
Кешелі бері Ресей президенті Владимир Путин Ресейге қарсы санкция салған Еуропа елдерінен азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға тыйым салатын жарлық шығарды. Аталмыш құжат бойынша, импортқа тыйым бір жыл мерзімге салынып отыр. Бұған қатысты Путин үкіметке тыйым салынуы тиіс тауарлардың тізімін жасауды тапсырды.
Жалпы, Мәскеу бұдан бұрын да Украина, Молдова және Еуропа Одағына мүше елдерден бірқатар тауарларды тасымалдауды шектеген болатын. Ал қазірде Ресейдің экономикалық даму вице-министрі Алексей Лихачев: тыйым салынуы тиіс тауарлардың тізімі ендігі дайын екенін, осыған орай Ресей АҚШ, Австралия, Норвегия және Еуропа Одағына мүше елдерден қайсыбір импорт түрін еліне енгізбейтінін мәлдімдеп отыр.
Сөйтіп, Ресей өзіне салынған санкцияларға жауап ретінде Еуропаға қарсы осылайша үн қатты. Ресейдің мұндай қадамының Қазақстанға әсері бар ма? Көршінің бұлайша Еуропа импортынан бас тартуы бізге қалай ықпал етеді? "Алаш айнасы" бүгін осы жайттарды талқылауды жөн көрді.
Қымбатшылық қыса түсе ме?
Жалпы, Ресейдің бұл қадамына байланысты отандық сарапшыларымыз «геосаясат салдарынан көрші елдер де мұның кері әсерін көреді. Сондықтан бұл бізге аса әсер етпейді деп бейқам отыруға тағы болмайды» дейді.
Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:
- Украина мен Ресей шиеленісінің Кеден Одағы елдеріндегі ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасына кері әсер етіп отырғандығын маусым айында қарапайым халық бір ғана картоптың айналасындағы бағаның түзілуінен-ақ байқады. Білесіздер, маусым айы бұқараның есінде картоптың 250-280 теңгеге дейін қымбаттауымен, аракідік қайсыбір аймақтарда нан бағасының көтерулімен есін алғаны анық. Бұған қатысты айтар жайт, өткен жылы Ресей картоптан көп өнім ала алмады. Бірақ соған қарамастан мамыр айында олар бұл өнімді Украинадан тасымалдауға тыйым салды. Ал нарық өз дегенін істеді. Бұдан кейін Ресей бізден картопты көптеп сатып ала бастады. Қалғаны өздеріңізге белгілі. Біздегі ішкі нарықтағы картоптың бағасы осы уақытқа дейін болмаған бағада айрықша қымбаттады. Бұл бір ғана кортоптың айналасындағы әңгіме. Ал енді Ресей Украинаны қойып, АҚШ, Австралия, Норвегия елдерінен азық-түлік импорттауға тыйым салып отыр. Ресей қанша жерден бұл елдерден алатын азық-түлікті басқа елден аламыз, «Буштың сирағынан» бас тартып, Аргентина мен Бразиялиядан құс етін әкелеміз, соны тұтынамыз, Норвегияның көкөнісінен, жеміс жидегінен бас тартып, Түркия мен Әзірбайжаннан жеміс-жидек тасимыз, отандық өндірісшілерге мүмкіндік береміз, дегенімен, мұның бізге сөзсіз әсері болады. Одақ аясында бірлескен ел ретінде Ресей ендігі кезекте Қазақстаннан молынан тауар енгізуді сұрай бастайды. Біз одақтың мүшесі ретінде Ресейге қолұшын беруімізге тура келеді де, отандық тауарымыздың басым бөлігін Ресейге одақ белгілеген бағамен жіберуге мәжбүр боламыз. Әрине, бұл жерде Ресейдің бізден арзан тауар сатып алуға тырысатыны даусыз. Ал бұл біздің тауар шығаратын отандық кәсіпорындарға кері әсерін тигізбеуі үшін, тауарлары тек арзанға ғана өтіп кетпеудің қамын ойлап отандық кәсіпорындарымыз да өздері шығарған өнімдерінің нарықтағы бағасын қымбаттата түседі. Осылайша Ресей тым сұранысын көбейтсе, ішкі нарықтағы тауардың көлемі азайып, оның бағасының құны артып, қымбатшылық халықты қыса түседі деген қауіп те жоқ емес. Сондықтан бұл жерде қауіп жоқ деп бейқам отыруға болмайды. Ресейдің Украинамен қырғи қабақ болуы ТМД елдері бойынша жалпы интеграцияға ықпал етеді. Демек бұл арада Үкіметке салмақты ойлау мен сауатты шешімдер қажет.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.