Ресейлік компаниялар бір күнде 2,5 трииллион рубль (!), яғни шамамен 70 млрд доллар капиталдан айырылды. Мамандардың бағамынша, бұл – Сочи олимпиадасына кеткен қаражатпен пара-пар көлем. "Жығылғанға жұдырық" демекші, алдында 35 пайызға құнсызданған ресейлік валюта "Қаралы дүйсенбі" деген атауға ие осы күні 12 пайызға тағы да құлдырады. Бұл халықаралық қауымдастықтың Украинаға әскер кіргізгені үшін Ресейді жазалаудағы тек бір ғана әрекеті. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Егер қазір халықаралық мінберден қозғалып жатқан саяси-экономикалық құрсау Ресейге қарсы қолданылатын болса, онымен кіндігі байланған мемлекеттерге де, соның ішінде Қазақстанға да ауыр күндер тууы ықтимал. Сондықтан бүгін Путиннің Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаевқа қоңырау шалуы кездейсоқтық емес. Қалай дегенмен де ешқандай түртпексіз бүгіндері экономикалық өсімі минусқа кетіп тұрған Ресей мұндайда "Байтал түгіл бас қайғы" күйге түсері анық. Сонда бізге қайтпек керек? "Алаш айнасы" газеті көзге елестетудің өзі қорқынышты осы күрмеуі күрделі мәселе жібін мамандар пікірімен сөгуге тырысып көруді жөн санады...

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан караңыз.