30 шілде 2014 | 17:16

Ресейге салынған санкция Қазақстанға жаңа экономикалық мүмкіндіктер аша ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Осы жұмада Ресей қатты қауіптенген Еуропалық одақтың кезекті санкциясы іске қосылады. Әрине, бұл Ресей экономикасының тынысын одан сайын тарылта түсері сөзсіз. Алайда аталған санкция Қазақстанға қандай да бір экономикалық мүмкіндіктердің жолын аша ала ма? «Алаш айнасы» басылымын бүгін көбірек алаңдатып отырған мәселе осы боп тұр...


Иконка комментария блок соц сети

 Осы жұмада Ресей қатты қауіптенген Еуропалық одақтың кезекті санкциясы іске қосылады. Әрине, бұл Ресей экономикасының тынысын одан сайын тарылта түсері сөзсіз. Алайда аталған санкция Қазақстанға қандай да бір экономикалық мүмкіндіктердің жолын аша ала ма? «Алаш айнасы» басылымын бүгін көбірек алаңдатып отырған мәселе осы боп тұр...

Негізінен, осыған дейін көптеген сарапшылар «энергетикалық, яғни мұнай мен газ бойынша тәуелді болғандықтан, Батыс Ресейге тырнағын қатты батырмайды, тек доқ көрсетумен шектеледі» деп келген. Алайда Украина әуесінен малайзиялық ұшақтың атып түсірілуі дүниені күрт өзгертіп жіберді. Ертеңінде-ақ Еуропалық одақ Ресейге қарсы қолданатын кезекті қатаң санкция шараларын әзірлеп жатқандығын мәлімдеген, ал кеше онысы осы жұмада нақты іске қосылатындығы белгілі болды. Алдында жеке тұлғаларға санкция салумен шектеліп келген Батыс енді жекелей секторларға қол соза бастады. Әрине, одан Батыстың да зардап шегетіндігі белгілі. Сондықтан да олар ұзақ ойланды...

Қалай дегенмен де бұл санкция бойынша ресейлік мемлекеттік банктер енді еуропалық инвесторлардан қаржы тарта алмайды, сондай-ақ Батыс өндірісі ресейлік мұнайшыларды құрал-жабдықпен қамтамасыз етпейтін болады, қару-жарақ сауда-саттығы бойынша да екі тарапқа эмбарго қойылады. Солтүстік көршіміздегі сауда-саттық байланыстардың қиындау мәселесін біз ұтымды пайдалана аламыз ба?.. Әрине.

Өйткені, біріншіден, Кеден одағы үштігінде тек Қазақстанның сыртқы байланыстары қалтқысыз әрі ұстанған позициясы да кез келген шетелдікке тартымды. Беларуссияға қарағанда біздің елдің салық жүйесі ашық, ал Ресеймен салыстырғанда біздің салық көлемі әлдеқайда төмен. Екіншіден, тауар қозғалысы. Бүтін әлемнен оқшауланған Ресей ішкі нарығын өзі қамтамасыз етуге қауқарсыз. Сондықтан ол Кеден одағы елдеріне және Қытайға үміт артады. Ал біз арадағы тасымал мемлекет ретінде бұдан көп пайдаға кеңеле аламыз. Үшіншіден, Батыс санкциямен шектеген мұнай саласына қажетті құрал-жабдықты шетелден Қазақстан сатып алып бере алады. Жалпы, бұл жолды ресейлік инвесторлар Ресей Қырымға қол салғанда-ақ қыста Қазақстанмен ақылдаса бастаған екен.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети