Желтоқсан айында екі мәрте «қаралы сейсенбі» жариялап ұлттық валютасы тек өткен айда ғана рекордтық көрсеткішке дейін құлдыраған Ресейдің рубльі кеше тағы шегіне жете құнсызданды. Кеше таңертеңгісін Мәскеу қор биржасында бір доллар 60,39 рубльге сатылса, бір евроның құны 74 рубльге дейін жетті. Ресей рубльнің бұлайша құнсыздануын әлемдік нарықтағы мұнай бағасының құлдырауымен тікелей байланыстырып отырған мамандар «егер әлемдік нарықта мұнай бағамы тұрақталмаса Ресей экономикасы күйреудің аз-ақ алдында тұр» деген пікірлерді алға тартуда.

Біз осы уақытқа дейін көрші Ресейдегі экономикалық ахуалды бірнеше мәрте сараптадық. «Ресейге Еуропа тарапынан салынып жатқан санкциялардың Қазақстанға ықпалын бар ма, жоқ па» дегенді де бірнеше мәрте жаздық. Ал енді мұнай бағамының төмендеуіне қатысты пікір білдірген сарапшыларымыз «біз үшін санкциядан да қауіптісі мұнай бағасының құлдырауы» дейді. Тіптен отандық сарапшыларымыз өз алдына кешелі бері мұнай бағасының және Ресей валютасының құлдырауына қатысты халықаралық сарапшылардың біразы «Сауд Арабиясының мұнай бағамын рекордтық көрсеткішке дейін түсіруі мұнай өндіруші елдерге үлкен соққы болып тиеді. Бұл Ресей санкциясынан да қауіпті құбылыс. Мұндай әрекеттер тұтас бір елдің экономикасының тұралауына, ұсақталып кетуіне дейін апарады» деп отыр.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.