04 тамыз 2014 | 15:26

Сахнада қаз дауыстылар емес, қыз дауыстылар қаптап жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Ән тыңдап отырғанбыз. Радиодан. Қазақтың әнін құйқылжыта орындап тұрған әншілерге шынымен де риза болғанымыз рас. Құлақ құрышын қандырған әншілерге разы болған әжем «пай, пай, не деген дауыс, қандай әнші қыздар» деп тамсанды. Әлден уақ диктор «Әнді орындағандар Қайрат Түнтеков пен Нұржан Қалжан», - деді. Таң қалғаннан талып қалмасақ да таңырқағанымыз рас енді. Бұрындары бұл екі әншінің әндерін тыңдап жүрсек те қазақ радиосы қоржынындағы мына әндерін құлағымыз шалмаған екен. Бағаналы бері әнші қыз деп отырғанымыз жігіт болып шыққанына ойланып қалдық. Содан қолға қалам алып шимайымызды шиырлап тастауға түрткі болған тақырыпты «Алаш айнасына» жариялауға тырыстық.

Иконка комментария блок соц сети

Сонымен... Расында бүгінгі эстрадада сахнаның шаңын шығарып жүрген жігіттеріміздің барлығы деп бәріне бірдей топырақ шашпай-ақ қояйық. Бірақ басым бөлігінің дауысы қыз дауысты болып бара жатқаны жасырын емес. Гүрілдеген, еркекке тән дауыс жоқтың қасы демей-ақ қояйық, бірақ соған жетеқабыл екені өтірік емес енді. Нәзік, әлсіз, тамақтанбаған адамдай уілдеген сәби үнді жігіт әншілердің дауысы құлақтан кіріп, бойды алмайтыны анық енді. Есесіне ыңырсып, дауысы жетпей жатқанына аяныш туғызатыны бар. Музыка тілімен айтсақ опера әншілері екі октавада айта береді, ал эстарададағылар Бибігүл Төлегенова айтқандай, бір октавадан аса ал¬май «тақпақшалап» қалады. Жо¬ға¬ры нотаға шығып, кең тынысты ала алмайды. Қырға шыға алмай ентігіп қалады деген сөз. Көбіне классикалық әндерді қор қылған пұшық шіркіннің керін келтіреді. Айтпағымыз әншілердің бәрі де ария орындап кетсін деген сөз емес. Нәзік тембрлы альт дауысты болса онда әңгіме басқа. Кезінде әлемді контртенордан да биік альт дауысымен таңқалдырған Ерік Құрманғалиев сынды тағы да бір тума талант жарып шықса, бөркімізді аспанға атып қуанар едік. Алайда жіңішке дауыстылардың дені өз дауыстарын қойып беретін адамына жолықпай ма, әлде енжарлық басып, орта жода болдырып қала ма белгісіз ізденбейді, сұранбайды. Алға сүйресең артқа кететін қотыр тайлақтың керін келтіреді. «Феномен» деген атқа ие болған Ерік Құрманғалиев КСРО-дағы №1 контртенор болған.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети