Салмақ қосуға әсер ететін тосын белгі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салмақ қосуға әсер ететін тосын белгі аталды

Дәрігер Педро Андраде дұрыс ұйықтамау салмақ қосуға себеп болуы мүмкін екенін айтты. Ол артық салмақтың пайда болуына әсер ететін бұл фактор туралы Terra басылымына берген сұхбатында түсіндірген.

Андраденің айтуынша, ұйқы қанбағанда мидың дұрыс шешім қабылдауға жауап беретін бөлігінде, префронталь қыртыста дофаминнің белсенділігі төмендейді. Соның салдарынан адам күні бойы пайдалы тамақтан гөрі, зиян әрі калориясы көп ас таңдайды. 

 Дәрігер тамақтану ұйқының сапасына тікелей ықпал ететінін айтты.

"Жақсы ұйықтау үшін дұрыс тамақтану керек. Ал жақсы ұйқы өз кезегінде дұрыс таңдау жасауға күш береді", - дейді ол.

Маманның сөзінше, кешкі асқа ақуыздар, какао, кофе, көк шай және шоколад жеу ұйқысыздыққа әкелуі мүмкін. Ал керісінше, банан, жаңғақ, авокадо, шпинат және күнбағыс дәндері ұйқыны жақсартады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети