01 сәуір 2014 | 16:46

Семей полигоны инвесторлардың ошағына айнала ала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Біраздан бері біздің қоғамда Семей полигон аймақтарына инвесторлар тарту жайы қызу талқыға түсіп жүр. Қайсыбір мінбелерде осы мәселе қолдау тауып жатса, енді бір тарап «елдегі полигон аймақтары толық залалсыздандырылып біткен жоқ. Демек ол аймақтарды қолданысқа берудің табысқа жетелейтініне сену қиын» деген пікірлерді де алға тартады. Байқауымызша, біздің елдегі полигон аймақтарына іргедегі Қытай халық республикасының инвесторлары инвестиция салуға бейіл танытып отырған көрінеді. Ал енді бұлайша полигон аймақтарына инвесторлар тарту тиімді ме? Полигон аймақтарына салынған инвестиция өзін-өзі ақтай ма? Жалпы, мұндай аймақтар қолданысқа беруге даяр ма? Алаш айнасы осы мәселенің түп төркініне үңіліп, мәселенің жігін тарқатып көруді жөн көрді.

Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық ядролық орталықтың директоры Қайрат Қадыржановтың Семей ядролық полигон территориясының 95 пайызын ауыл шаруашылығына пайдалануға беруге болатынын сөз еткелі біраз уақыт болды. Қадыржанов мырзаның айтуынша, Семей полигон аймағының 95 пайызын шаруаларға қолданысқа беруге болады. Ал қалған 5 пайыз жер ол тікелей ядролық сынақ жасалған жерлер «бұл аумақтар жабық болуы тиіс. Ол 5 пайыз жерлерге мамандардан басқа адамдардың кірмейтініне біз сенімді болуымыз керек» дейді Ұлттық ядролық орталығының директоры.

Әлемдегі ең ашық-шашық полигон

Сөйтіп, ұлттық ядролық орталықтың біраз жылғы зерттеулеріне сүйенсек, бүгінде аталмыш полигон аймақтары 95 пайызға залалсызданып болған. Оған инвестиция тартуға да, ол жерлерден шаруа қожалықтарын ашуға да болады. Тіпті полигон аумақтарын сауықтыру мақсатында ядролық сынақ болған өңірлерде экстремалды туристердің саяхатын ұйымдастыру да қолға алуға болады. Бұған қатысты «экзотика мен шым-шытырық оқиғаларға, қаупі жоғары аймақтарға бас тігіп саяхаттауды қалайтын саяхатшыларға Семей полигоны аймағын зерттеу тым қызықты, сондықтан полигон аймақтарында экстремалды туризмнің өркендеуіне жол беру керек» деген мамандар да табылды. Әрине, бұған дейін «Семей ядролық полигон аймақтарының 95 пайызын халық шаруашылығына пайдалануға беруге болатыны» жайлы мәселе көтерілгенде біраз дау-дамай туындаған-ды. Ақыры ғалымдарымыз бар, мемлекеттік орган өкілдері бар, «бұл мәселені мемлекеттік тұрғыда зерттеу керек» деп барып, аптығымыз басылған-ды.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети