"Сенімхат керек". Кинотеатрға баланы алып барарда не білу керек?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстандық кинотеатрларда кәмелетке толмағандардың киносеанстарға кіруін бақылау күшейтілді. Қазақстандықтар кинотеатрларға балаларды олардың ересек аға-әпкелерімен бірге кіргізбейтіндігіне шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық кинотеатрларда кәмелетке толмағандардың киносеанстарға кіруін бақылау күшейтілді. Қазақстандықтар кинотеатрларға балаларды олардың ересек аға-әпкелерімен бірге кіргізбейтіндігіне шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы кинотеатрларының бірінде бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 132-бабына сәйкес жүзеге асырылатынын айтты. Бұл тек сағат 22:00-ден кейін аяқталатын сеанстарға қатысты. Бұл заңға сәйкес, кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта (22:00-ден 6:00-ге дейін) заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз сеансқа кіруіне қатаң тыйым салынады.

 "Сәйкесінше, кинотеатрдың ішкі нұсқауларына сәйкес, кинотеатр қызметкерлері балаларды ертіп әкелген адамдардан олардың туыстық байланыстарын растайтын немесе қамқоршылық құқықтары туралы құжаттарды, сенімхатты немесе сот шешімін талап етеді. Егер ересек адам еріп келген баланың тікелей туысы болмаса, сенімхат көрсетуі керек. Егер бала ата-анасымен бірге жүрсе, онда оның туыстық қатынасын растау үшін туу туралы куәлікті көрсету жеткілікті", - деп түсіндірді "Чаплин" кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко.

Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдеріне ата-анасы, асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиеші, асырап алушы ата-ана жатады.

Ал баланың ата-әжесі, нағашылары, тәтелері және өзге де туыстарына жоғарыдағы құқықтар ресми түрде берілмесе, олар кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері болып саналмайды.

Кинотеатр әкімшілігі егер киносеанс әлі басталмаса, сатып алушылар билетті қайтара алатынын атап өтті.

"Кинотеатр 22:00-ден кеш аяқталатын іс-шаралар мен фильм сеанстарына, сондай-ақ жас шектеулері бар іс-шаралар мен фильмдерге "балалар" тарифтері бойынша билеттерді сатпайды. Киносеансқа "ересек" тарифі бойынша кәмелетке толмаған адамға билеттер сатып алған жағдайда кинотеатр мұндай адамды фильм көруге жібермеуге құқылы. Мұндай жағдайда кинотеатр сатып алушының сатып алған билеттерінің күшін жояды", - делінген кинотеатрға бару ережелерінде.

Сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы кинотеатрда заңды өкілдің қарауынсыз қалдыруға жол берілмейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro