Өткен аптада Астанадағы колледжердің бірінде кішкентай қызды қан-жоса етіп ұрған елшінің ұлы білім мекемесінде де, ғаламторда да біраз шу туғызды. Әлбетте, мектептегінің бәрін «балалық қой» деп жаба салуға болатын еді. Алайда сол шетелдіктердің өздеріне қарап, «Олардың дипломатиялық «иммунитеті» балаларына да ауысқан ба?» деген ойдың келетіні рас. Тіпті шетелдіктерге қазір «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ сияқты. Бұл қай басынғандары?

Колледждегі (үздіксіз білім беретін халықаралық колледж) жағдайға тоқтала кетсек, бірнеше айдан бері Қазақстанда қызмет ететін шетелдік дипломаттың бір бұзық баласы екінші сынып оқушыларына маза бермей жүрген көрінеді. Бірде біреуді түртіп өтсе, енді бірде аузына келгенін айтып балағаттап тастайды. Төбелес шығарған кездері де жоқ емес. Ал соңғы рет кішкентай қызды соққының астына алып, қан-жоса етіп ұрыпты. Ол «батырдың» аты – Георг Камилл. Өзі Швецияның Қазақстандағы елшісі Кристиан Камиллдың ұлы екен. Оның «еркелігіне» шыдай алмаған ата-аналар прокуратураға дейін хат жазып, мектептен шығарып тастауды талап етті. Олардың айтуынша, елші өз ұлының кінәсін мойындамақ түгілі кешірім де сұраған жоқ. Ал таяқ жеген қыздың әкесі бұзақыға ұрсып, мән үйретемін деп, пәлеге қалып қоя жаздады.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.