Су тасқыны: өтемақы алу үшін не істеу керек?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Болат Айтмолда Фото: Болат Айтмолда

Наурыз айының соңында су тасқыны салдарынан Қазақстанның бірнеше облысын су басып, көптеген қазақстандық баспанасынан айырылды. Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залал өтеледі деп сендірді. Заңгер Надежда Гельдт өтемақы алу үшін не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengri Life.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Наурыз айының соңында су тасқыны салдарынан Қазақстанның бірнеше облысын су басып, көптеген қазақстандық баспанасынан айырылды. Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залал өтеледі деп сендірді. Заңгер Надежда Гельдт өтемақы алу үшін не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengri Life.

Заңгер "Азаматтық қорғау туралы" заңға сәйкес (58-бап) физикалық тұлғалар төмендегі себептерге байланысты залалды өтеуді талап етуге құқылы екенін айтты:

  • денсаулыққа зиян келтіру;
  • жақын туыстарының қайтыс болуы;
  • мүліктік зиян келу;
  • тұрғын үйдің тұруға жарамсыздығы.

Ал мына нәрселер өтелінбейді:

  • жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстар, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де құрылыстар, сондай-ақ заңсыз салынған объектілер;
  • бағалы киім, сәнді заттар немесе бағалы металдардан жасалған заттар;
  • көркемдік құндылығы бар заттар.

Өтінішті қалай беру керек?

Материалдық залал шеккен адам ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде әкімдікке материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.

Әкімдік өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады.

Кім өтініш бере алады?

Зардап шегуші мүліктің иесі. Егер жәбірленуші жеке өзі өтініш бере алмаса, туыстары немесе басқа адамдар сенімхатпен келе алады.

Өтінішпен қатар қандай құжаттар керек?

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • ТЖ туындаған сәттен бастап немесе ТЖ жою кезеңінде жоғалған, бүлінген мүліктің тізбесі.

Өтінішті қалай жазу керек?

Заң бойынша нақты үлгі қарастырылмаған. Қазақстандықтар оны еркін түрде жаза алады:

  • мүлік орналасқан мекенжайды;
  • су тасқыны болған күнді;
  • зардап шеккен тараптың деректерін;
  • сондай-ақ зардап шеккен мүліктің сипаттамасын көрсету керек.

"Әкімдік зардап шеккен азаматтардың тізімін, сондай-ақ залалдың алдын ала мөлшерін анықтайды. Сондай-ақ, бюджет мөлшерін анықтауға Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Төтенше жағдайлар Министрлігі қатысады. Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда қаржыландыру Үкімет резервінен жүзеге асырылады", - деді маман.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro