08 ақпан 2019 | 11:18

SuperStar.kz-тен кейінгі өмір. 16 жыл өткен соң

ПОДЕЛИТЬСЯ

2000 жылдардың басында SuperStar.kz шоуы бүкіл елге танымал болған еді. Бұл жоба көптеген жасөспірім бала мен бойжеткен қыздың шығармашылық болашақтарына жол ашты. Жобадан соң қатысушылар шоу-бизнесте өнер көрсетіп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Ал кейбір қатысушылар әншілікті қойып, теледидардан көрінбей кетті. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі 2003 жылы өткен жобаның бірінші маусымының қатысушыларын еске түсірді.


Иконка комментария блок соц сети

2000 жылдардың басында SuperStar.kz шоуы бүкіл елге танымал болған еді. Бұл жоба көптеген жасөспірім бала мен бойжеткен қыздың шығармашылық болашақтарына жол ашты. Жобадан соң қатысушылар шоу-бизнесте өнер көрсетіп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Ал кейбір қатысушылар әншілікті қойып, теледидардан көрінбей кетті. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі 2003 жылы өткен жобаның бірінші маусымының қатысушыларын еске түсірді.

Алмас Кішкенбаев

Қызылордалық 18 жастағы Алмас Кішкенбаев бірінші маусымның жеңімпазы болған еді. Тележоба әншілікті жаңадан бастап келе жатқан Алмасқа сәттілік әкелді. Жобадан соң ол бірнеше өлең шығарып, бейнебаян түсірген. Алмас Кішкенбаев концерттерде хедлайнер болып, корпоративтерде ән шырқап, стадиондарда жанкүйерлерін жинайтын. 16 жылда әнші бірнеше өлең шығарып, "Мәңгiлiкке", "Сағына беремін", "Алдайды" сияқты бейнебаяндар шығарды. 2010 жылы әнші Мөлдір есімді қызға үйленді. Олардың екі қызы бар. 2018 жылдың соңында Алмас Кішкенбаев БАҚ өкілдері әйелімен ажырасқанын және балаларына қамқорлық жасап жүргенін мәлімдеді.

Роман Ким

Осы жоба арқылы танымал болған тағы бір әнші - Роман Ким. Алмас Кішкенбаевпен қатар оған да жеңімпаз болатыны туралы айтылған. Бірақ ол екінші орынды иеленіп, жобадан соң көпшіліктің көзіне көрінбей кетті. Әнші жоба аяқталғаннан кейін туған жері Теміртауға кеткенін айтты. Одан соң бірнеше жыл Испанияда тұрған. Қазақстанға оралған соң Zaratushtra Band тобында өнер көрсетті. 2018 жылы  I'm a Singer Kazakhstan жобасына қатысты.

Ирина Котлярова

Ирина Котлярова жобаның ақтық кезеңінде үштіктің қатарында болды. Ол өзінің жарқын күлкісі мен сұлу көркімен көпшіліктің есінде қалды. Жобадан соң ол сахнаға шықпай кетті. Ирина Tengrinews.kz тілшісіне қазіргі уақытта мұнай өндіретін компанияда жұмыс істейтінін айтты. Қазір әншілік ол үшін тек хобби екен. Ирина тұрмыс құрып, балалардың тәрбиесімен айналысып жүргенін айтты.  

Әсем Жакетаева

Әсем Жакетаева нәзік бейнесінмен көпшіліктің есінде қалды. Жобаға 16 жасында қатысып, басқа қатысушылардан кіші болған еді. SuperStar.kz аяқталғаннан кейін әнші біраз уақты көрінбей қалды. Сосын Айлан деген лақап есім таңдап, бейнесін де өзгертіп, бірнеше ән жазып шырқады. "Жұмбақ қыз", "Миллионерша" және "Признание" деген бейнебаян шығарды. Бірақ ол бұл есіммен ол көп жарқыраған жоқ. Өз есімімен қайтадан ән шығып, рэпер Just Damir-мен қосылып, "Нежных рук тепло" атты бейнебаянға түсті. Сосын "Вузеры" деген комедиялық сериалға да түсті. 2015 жылы әнші тұрмыс құрды. Қазір қыз тәрбиелеп отыр. Теледидарда көрінбейді.

Юлия Перейма

Тағы да бір жобаның қатысушысы Юлия Перейманы жарқын жүзді әнші деуге болады. Ол әншілікпен әлі шұғылданып жүр. Х-Factor музыкалық жобасына да қатысты. КВН-да өнер көрсетті. Сериалға да түскен екен. Қазіргі кезде теледидарға шықпай жүр.

Мақпал Исабекова

Жұлдызы жанған тағы бір қатысушы ол - Мақпал Исабекова. Жобаның басында ол Батырхан Шүкеновтің "Отан Ана" әнін орындап, төрешілердің назарын өзіне қаратқан еді. Жобадан шығып қалғанына қарамастан, ол өзінің әнші ретінде халық арасында танымал болды. 16 жыл шығармашылықта жүрген Мақпал Исабекова бірнеше ән жазып, "Была ли любовь", "Аяла", "Мен жайлы", "О тебе", "Ноябрь", "Бесконечность", "Любовь"  сияқты бейнебаяндарға түсті. 2005 жылы әнші Юрмалаға аттанып, "Новая волна" байқауына қатысты. Ол жақта ірі гауһар тас пен алтын жүзікке ие болды. Әнші ресейлік рэпер Доминик Джокермен де өлең шырқаған. Мәскеуде  "Руки Вверх!" тобындағы Сергей Жуковпен бірге жұмыс істеді. 16 жылда әнші шашының түсін бірнеше рет бояды. Ол ашық киініп және солай суретке түсуден қаймықпайды.

Ғайни Жұмашева

Жобадан ең бірінші болып Ғайни Жұмашева шығып кетті. Әнші 2013 жылға дейін теледидарға шықпады. Сол жылы ол The Voice of Kazakhstan музыкалық жобасына қатысты. Ғайни туралы қазір ешқандай ақпарат жоқ.

Айқын Төлепберген

Танымал әнші Айқын Төлепберген алғашқы қадамдарын SuperStar.kz жобасында бастаған. Бүгінгі күні оны көптеген қазақстандық таниды. Жоба аяқталысымен Айқын "Корабли" атты ән жазып, оған бейнебаян түсірді. Кейін "Как дела?", "Пах-пах", "Асылым" әндерін шырқады. Қазіргі кезде әнші еліміздегі танымал адамдардың қатарына кіреді. Оны әр түрлі республикалық концерттерге шақырады. 2016 жылы грузиялық әнші Сосо Павлиашвилимен бірге "Каждый день" деген бейнебаян түсірген еді. Айта кетейік, Айқын "Кеш You" тобының әншісі Жұлдыз Өмірғалимен отау құрған. Олар ұл тәрбиелеп отыр.

Гүлнар Сильбаева

Гүлнар Сильбаева - SuperStar.kz жобасының тағы бір қатысушысы. Ол Оралдан Алматыға танымал болу үшін келген. Жобадан кейін ол әншілікті қойып, КВН-да өнер көрсетті. 2008 жылы "КаZахи" команда сапында ер адамдардың арасында жалғыз қыз болды. Гүлнар Сильбаева тележүргізуші және актриса ретінде де жұмыс істеді. "The Эфир" бағдарламасында ол Лос-Анджелеске барып, сол жақта өз күшін сынағысы келетінін айтқан еді.

SuperStar.kz жобасының бірінші маусымы тоғыз айға жалғасып, 2004 жылы аяқталған болатын. Осы уақыт аралығында қатысушылар вокал сабағын оқып, биді де үйренді. Әр сенбі сайын теледидардан тікелей эфирде олардың сабақтары көрсетілді. Жобада төрешілердің сапында әнші Батырхан Шүкенов, Роман Райфельд, скрипкашы Арман Мырзағалиев пен тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети