Таксиде жол апатына ұшырадыңыз. Өтемақы төлене ме?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Көлік министрлігі Фото: Көлік министрлігі

Елімізде жыл сайын таксиге сұраныс артып келеді. Ал сапар кезінде кез келгеніміз жол апатына түсуіміз мүмкін. Егер жолаушы таксиде жол-көлік оқиғасына ұшыраса, оған қандай да бір өтемақы төлене ме? Бұл сұрақтың жауабын "Право знать" Telegram-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде жыл сайын таксиге сұраныс артып келеді. Ал сапар кезінде кез келгеніміз жол апатына түсуіміз мүмкін. Егер жолаушы таксиде жол-көлік оқиғасына ұшыраса, оған қандай да бір өтемақы төлене ме? Бұл сұрақтың жауабын "Право знать" Telegram-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Егер жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы немесе жүргізуші жарақат алған болса, Қазақстандағы белгілі бір қосымшалардың пайдаланушыларына өтемақы төленеді. 

"Мысалы, кейбір компаниялардың қосымшасында барлық сапар 4 миллион теңгеге дейін сақтандырылған", - делінген хабарламада.

Жолаушылар мен жүргізушілер үшін сақтандыру тегін және ол жүргізуші "жолда" түймесін басқаннан бастап сапар аяқталып, қайтадан "аяқтау" батырмасын басқанға дейін автоматты түрде жұмыс істейді.

Жол апаты салдарынан зардап шеккен әрбір жолаушыға немесе жүргізушіге төленетін өтемақы мөлшері:

  • жарақат алған жағдайда ауырлық дәрежесіне байланысты 4 миллион теңгеге дейін;
  • жолаушы немесе жүргізуші мүгедекке айналса, мүгедектік тобына байланысты 3 миллион 200 мың теңгеге дейін;
  • қайтыс болған жағдайда - 4 миллион теңге өтемақы мұрагерлерге беріледі (такси қызметіне кім тапсырыс бергені маңызды емес).

Сапар кезінде көлікте болғандардың барлығы сақтандырылған. Егер сіз такси қызметін өзіңізге емес, басқа адамға тапсырыс берсеңіз, онда ол да сақтандырылады.

Егер шағын жол-көлік оқиғасына түсіп, жарақат алмасаңыз, оқиға туралы қолдау қызметіне хабарлай аласыз. Өйткені кейбір жағдайларда компания сапар үшін ақшаны қайтарып береді немесе келесі жолдамаға жеңілдік жасайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro