Қазақстанда 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпыұлттық әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Елдің барлық өңірін қамтыған зерттеуге 1000 адам қатысқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Ұлттық талдау орталығы мәліметіне сілтеме жасап.
Тұрақтылық пен жеке жетістіктер
"2025 жыл сіз үшін қандай жыл болды?" деген алғашқы сұраққа респонденттердің біразы ойланып қалған. Бірақ жауаптар әртүрлі болғанымен, оң пікірлер айқын басымдық танытты.
Сауалнама қорытындысына сәйкес, азаматтардың 37 пайызы бұл жылды табысты деп бағаласа, тек 11 пайызы оны сәтсіз жыл ретінде атаған. Ал респонденттердің 52 пайызы 2025 жылды айтарлықтай оң немесе теріс өзгерістерсіз, тұрақты кезең болды деп сипаттаған.
Басты оқиғалар
2025 жылғы жетістіктер туралы сөз қозғағанда, қазақстандықтар ең алдымен спорт, технологиялар мен цифрландыру, киноиндустрияны дамыту, өнеркәсіп, сондай-ақ мектептер, ауруханалар және өзге де әлеуметтік нысандардың салынуы сияқты салаларды атап өткен.
Респонденттер ең көп атаған оқиғалар:
- "Қайрат" – "Реал Мадрид" арасындағы тарихи матч және спортшыларымыздың өзге де жетістіктері,
Әлемдік жұлдыздардың концерттері (J Lo, Backstreet Boys) және түрлі мерейтойлық шараларды атап өту (Абайдың 180 жылдығы, Жеңістің 80 жылдығы, Конституцияның 30 жылдығы және басқалары), - Жаңа мектептер мен ауруханалардың ашылуы, инфрақұрылымды жақсарту (жолдар, қалалық абаттандыру және т.б.),
- Жасанды интеллект саласындағы ірі жетістіктер (Alem.ai, суперкомпьютер, Higgsfield AI),
- Президенттің халықаралық деңгейдегі кездесулері (Дональд Трамп, Си Цзиньпин және т.б.).
Ел дамуына деген сенім қандай?
Сауалнамаға қатысқандардың 71 пайызы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді. Ал респонденттердің 77 пайызы Президенттің қызметін қолдайтынын білдірген.