Ипотекаға үй алып, берешегін өтей алмай жүрген бір топ азамат Алматыдағы Ресейдің бас консулдығына барып, Ресей билігінен өздерінің проблемаларын шешіп беруді сұрады, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы Азаттық радиосының сайтына сілтеме жасап. Тәуелсіз елдің мәселесін өзге бір мемлекеттің билігі шешеді деп үміттену ненің белгісі?

Жалпы, елшіліктер мемлекетаралық мәселелерді, дипломатиялық қатынастарды, сол елдегі өз азаматтарының құқықтарын қорғауды, олардың келіп-кетуін, оқып, білім алуын, кәсіппен айналысуын т.б мәселелерін қадағалап отырады. Мұның сыртында әр елшіге сол екі ел арасындағы саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды күшейту міндеті жүктеледі.
Ал, жеке тұлғалардың ипотекалық мәселесін өзге бір мемлекеттің билігіне шешкізу немесе соған үміт ету қаншалықты негізді? Бұл біріншіден екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынас емес. Екіншіден, ипотека алып, қарызын өтей алмай жүргендердің Ресей елшілігіне шағымдануы мемлекет ретінде Қазақстан Республикасын масқаралау. Үшіншіден, бұл азаматтар осы қадамы арқылы Қазақстанның Ата-Заңын мойындамай, сыртқы күштердің ішкі саясатымызға қол сұғуына үндеп отыр. Айта кетейік, осы шағымданушыларға Ресей елшілігінің дипломаттары жауап беріп, «біз сіздердің ішкі мәселелеріңізбен айналыспаймыз» деп жауап қатыпты.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.