13 мамыр 2014 | 17:59

Тайчибеков қашанғы тайраңдайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ермек Тайчибеков ©total.kz сайтынан Ермек Тайчибеков ©total.kz сайтынан

ҚР Конституциясының 20 бабының 3-ші тармағында: «Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді» деп жазылған. Соңғы кездері Ермек Тайчибеков атты қандасымыз осы Ата-Заңымызда көрсетілген «мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін» пікірлерді жиі айтып жүр. Бірақ, біздің қоғам өкілдері мен құзіретті органдар заңдық тұрғыда Тайчибеков сынды «мемлекет тұтастығын бұзғысы» келетіндерге неге тойтарыс бере алмай отыр. «Алаш айнасы» басылымы осы сұраққа жауап іздеп көрген еді.

Иконка комментария блок соц сети

Тайчибековтің әр сөзінен мысал келтіріп, жарнамасын жасамай-ақ қоялық. Өзін атеист деп санайтын сақалды азамат Қазақстанды Ресейді губерниясы еткісі келеді. Бір сөзбен айтқанда еліміздегі азаматтардың қауіпсіздігін Ресей қорғайды деген сенімде. Ол осы сөзі арқылы мемлекетіміздің тұтастығын былай қойғанда заңдарымызда көрсетілген барлық құндылықтарды аяқтың астына таптап отыр.

Мақсат Жақау, "Ақжол" ҚДП төрағасының кеңесшісі:

– Тайчибеков әлеуметтік желі арқылы ұлттық араздыққа апаратын, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, мемлекет тұтастығына нұқсан келтіретін пікірлер айтып жүр. Өзін қолдайтын адамдарды, тіпті бесіктен белі шықпаған балаларды сөйлету арқылы, осы жиіркенішті ісіне тартып отыр. Ол «Қазақстан Ресейдің губерниясы болуы керек» деп, әлеуметтік һәм ұлттық араздық туғызып жатыр. Онымен, 2-3 рет пікір таластырғанымда байқағаным, ол арнайы саяси топтардың дайындығынан өткен адам секілді көрінді. Бұл бірінші – күдігім. Екіншіден, бұл азаматтың психикалық жағдайын бақылап көру керек секілді. Егер де біз мұның алдын ала алмасақ, арамыздан әлі талай Тайчибековтар шығуы мүмкін. Тайчибековтің жүргізіп жатқаны – ақпараттық күрес. Қазір тек ақпараттық емес, қоғамдық күрестер де бой көтере бастады. Бұл жеңіс күнінің алдында «Аңыз Адам» журналына тиісуден басталды, сосын осы пиғылдағы азаматтар жеңіс күні кейбір облыстарымызда көрші елдің жалауын желбіретіп, көшелерге шығып кетті. Біріншіден, бұл – сыртқы күштердің әсері. Тайчибеков Жамбыл облысының азаматы. Сол облыстың ішкі саясат басқармасы дереу бұл істі қолға алуы, заң шеңберінде сотқа беруі тиіс.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети