27 шілде 2015 | 17:21

ТЖ жөніндегі комитеттің сайтында неліктен қазақ тілінде жаднамалар жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының бірнеше ауданында болған төтенше жағдай бүкіл қала халқының есін алды. Түнгі сағат 03:00-05:00-тің арасында біреулері көшені қуалай аққан сел даусынан оянса, біреулерді туыстарынан келген қоңырау оятты. Ал Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті болса, әбден "болары болып, бояуы сіңгенде", дәлірек айтқанда, сағат 08:30-да хабарлама таратты. Айдың-күннің аманында тоқтаусыз келетін ескерту хаттары бұл күні неге келмей қалды?


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының бірнеше ауданында болған төтенше жағдай бүкіл қала халқының есін алды. Түнгі сағат 03:00-05:00-тің арасында біреулері көшені қуалай аққан сел даусынан оянса, біреулерді туыстарынан келген қоңырау оятты. Ал Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті болса, әбден "болары болып, бояуы сіңгенде", дәлірек айтқанда, сағат 08:30-да хабарлама таратты. Айдың-күннің аманында тоқтаусыз келетін ескерту хаттары бұл күні неге келмей қалды?

ТЖД-ның (Төтенше жағдайлар департаменті) айтуынша, ұялы байланыс операторлары сел жөнінде SMS жіберуден бас тартқан. Ал байланыс операторлары халыққа дер кезінде хабарлама жібере алмағандарына ТЖД-ны кінәлап отыр. "Екі түйенің ортасында шыбын өледі" демекші, бар ауыртпалық үйінде бейқам ұйықтап жатқан қала тұрғындарына түсті. Көпшілігі "қашпақ болсаң зымыра" деп, алды-артына қарамай қала сыртына көшті. Өзге дамыған мемлекеттерде мұндай жағдай ешқашан болмас еді. Олардың төтенше жағдайлармен қалай күресетінінмына жерден оқуыңызға болады. 

Қай аймақта сел жүру қаупі жоғары немесе аяқ астынан төтенше жағдай орын алғанда не істеу керек – осының бәрін түсінікті тілмен жазып, халыққа жеткізетін ол ең бірінші – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (ҚР ІІМ ТЖК), оның ішінде, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД). Құзырлы мекемелердің жұмысымен танысу мақсатында ресми сайттарына бас сұғып едік, ескертуді дер кезінде бермеді деп ренжіп жүргеніміз бекер болып шықты. Нағыз жауапсыздықтың көкесі бұл жақта екен...

Бірінші ҚР Төтенше жағдайлар қызметінің арнайы сайтына кірдік. Мына скриншоттан олардың "тамаша" жұмыстарымен таныса аласыздар. Әңгіменің бәрі осы кешегі апаттан басталғандықтан, бірден сел туралы ақпараттар іздедік. "Азаматтарға көмекші жаднамалар" айдарының ішінен "Сел кезіндегі халықтың қауіпсіздік қағидасы" деген жазбаны тауып алдық.


Тауып алғанымызды қайтейік, "толығырақтың" ішінде түк те жоқ екен. "Правила безопасности населения при селях" деп бадырайтып, тек орысша тақырыбын жазып қойыпты. Тағы қысылмай "Аудармасы әзірге жоқ" депті. 


Сонда осыған дейін жасамаған аударманы қашан жазайын деп жүр? Үйді су алып, адамдар батпаққа батып қалғанда ма? Әлде қазақшасын жазуға келгенде қаламдарының сиясы бітіп қалды ма? Иә, орысша нұсқасында тұр. Бірақ, орыс тілінде хат танымайтын немесе ақпаратты тек қазақ тілінде алатын адамдарды қайда қояды? Немесе қазақ баласы өз елінде тұрып неге орыс тілінде оқуы керек? 

ҚР ТЖК-дан қайыр болмаған соң, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтына кіріп, бірден қауіпсіздік ережелерін іздедік. Сөйтсек, алғашқы бетте "Жаднамалар халық үшін" деп айғалап тұр екен. 


Сөз тіркесін дұрыс құрамағаны өз алдына, халық жадына ұсынған жазбалары жарты жылдан бері жаңартылмаған екен. Сел тасқынының қаупі жайында тұрғындарға жазғанын көріп, "Е, мында аз да болса ақпарат бар екен ғой" деп, ішіне кірдік.


Бірақ, қысқа-нұсқа жазылған ақпаратқа көңіліміз толмады. Қайтадан басқы бетке өткенімізде сөзінен қатесі көп бір мақаланы көзіміз шалып қалды. Адамға "ақыл айтатын" мақаланың сапасын тақырыбынан-ақ байқауға болады емес пе: "Ақаулы пеш өрт жән иісті газбен уланұга себепші" депті. Мынаны түсінуге ақылымыз жетпеген соң ары қарай оқымай шығып кеттік.


Екінші мақалаға көз салған едік, "мұртқа өкпелеп жүргенде, сақал шықтының кері болды". 


Тақырыбын "Өрттен мінез ережелері" деп үш сөздің басын әрең құраған соң, жалғастырып жазуға ұялған болу керек. Ары қарай орысша нұсқасын қалдыра салыпты. "Жаман айтпай, жақсы жоқ" деген, ертең тілсіз жаудан қатер келсе, қол қусырып, "мінезіне" қарап отырамыз ба?


Тағы біраз парақтаған соң, адам көргісіз мақалалар жетіп артылатынына көзіміз жетті. 


Өзіңіз ойлап қараңызшы, екі адам қатар өртке оранса, өрт қауіпсіздік ережелерін білетін адам бірден жерге жатып, топыраққа аунайды. Ал білмейтін адам ше? Ол не істейді? Ол тұра сала желге қарай жүгіре жөнеледі. Басынан-ақ жанып бітіп, кеудесінен жаны кеткенде ғана барып тоқтайды. Бұл – жай ғана бір мысал, бұл сияқты біз білмейтін қарапайым ережелер жетіп артылады.

Әрине, халықты ақпараттандыру жалғыз ТЖК-ның емес, бүкіл БАҚ-тың міндеті. Бірақ, ТЖК-ның негізгі ақпараты төтенше жағдайларға байланысты барлық мәліметтің "бастауы" болары анық. Егер мұндағы жазбалардың сапасы жоғары болса, осында жарияланған ақпаратты кез келген БАҚ көшіріп басар еді. Сондықтан, ҚР ІІМ ТЖК бұл ақпараттардың халық үшін өте маңызды екенін ескеріп, үлкен жауапкершілікпен қарауы керек еді. 

Сіздердің қалай қабылдағандарыңызды білмейміз, бірақ, көп нәрсеге жауапкершіліктің жоқтығы анық. Біз көзге көрінген қателіктерді ғана айттық. Айтылмаған әлі қанша әңгіме бар. Барлығын жеке-жеке талдайтын болсақ, оған бір мақаланың шамасы келмейді. Сондықтан, оны өзіңіз ҚР ІІМ ТЖК мен Алматы қаласының ТЖД-ның ресми сайттарына кіріп көрсеңіз болады. 

Біздің мақсатымыз біреуді қаралау не тырнақ астынан кір іздеу емес. Тіпті, алғашында сайтты тексеріп шығу ойымызда да болмаған. Біз бар болғаны Қазақстанның және Алматы қаласының сел жүру қаупі бар аймақтарының картасын алып, сілтеме арқылы өз сайтымызға (Massaget.kz) жариялағымыз келген еді. Өкінішке қарай, бұл картаны екі құзырлы мекеменің сайтынан да таба алмадық. Осыған ашынған көңілдің ақыры көлемді сыни-мақала жазуға алып келді. 

Біз жанымызға батқан жағдайды шама-шарқымыз келгенше жеткізуге тырыстық. ТЖК және ТЖД қызметкерлері алдағы уақытта осындай олқылықтардың орнын толтырады деп үміттенеміз.

Ал сіз бұл туралы не ойлайсыз?

Мақаланың түпнұсқасы мұнда

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети