Шетелде төсек төңірегіндегі тірлік ашық тақырып болса, бізде бұл жабық тақырып. «Ұят-ай»-дың айналасындағы әңгіме. Әрине қазақ қызы инабатты болсын, ибалы болсын, бұйығы болсын, бірақ мәселе отбасына, еріне келіп тірелгенде ұят мәселесін жиып қойған дұрыс сияқты. Тура мағынасында. Бұлай деуімізге себеп: бүгінде ажырасушылар көп. Шала тағдырлы болып, жалғыздан жалғыз жылап жүргендер жетерлік. Неге ажырасты дегенге келсек, барлығыныкі бір жауап: «мінезіміз үйлеспеді» дейді. Бақытты отбасы болып, алтын тойларын атап өткендердің барлығының да мінезі сәйкес келіп жетісіп тұрғаны шамалы. Оларды бір төсекке арқандап қойған ең әуелі кешірімшілдік сынды асыл қасиеттер болса, ең бастысы төсектегі үйлесімділік деп ашық айтқан дұрыс секілді. Өйткені іргесін ажыратып жатқандардың барлығы да «төсекте үндестік таба алмадық» деп айта алмайды. Өйткені бұл бізде ұят саналады.

Есімі елге белгілі жазушы апайымыз айтып еді кезінде: «Қазақ әйелі ерін қалай ұстауды білмейді. Бұйығы болып қалған. Өйткені келін болып түскенінен бастап ата-енесімен бірге тұрады. Бір үйде емін-еркін жүре алмайды, төсекте дауысын шығарып тояттана алмайды, ерлерін еркелете алмайды. Тым еуропаланып кеткен елдердің тәмсілі бар ғой: «Көшеде ханшайым бол, асханада нағыз бесаспап аспаз бол, ал төсекте нағыз жезөкше бол» деген. Жезөкше дегенде әркімнің астында иленуді емес, бұл жерде төсекте еркекті қалай тояттандыру мәселесін айтып отыр. Яғни, қазақ әйелі төсектегі тоят мәселесіне келгенде сүрініп жататыны анық. Ұяты жібермейді. «Жолдасым не дейді, «көпті көргенсің ғой» деп айта ма деп қысылады. «Қайдан үйрендің?» деп бәле жаба ма деп өзін тоқтатумен болады. Ал сайып келгенде ертеңгі күні еркегі өзге әйелге кетіп қалса, ең алдымен өзін кінәлаудан бұрын сол әйелді қаралауға құмар келеді. Расында «еркегі өзге әйелдің қай жеріне қызықты? Бұдан қай жері артық?» өзін өзі тергеп басы қатады. Мүмкін ол әйелдің төсек «тербелісінде» тәжірибесі мол шығар? Кім білген? Еркек қай жерде өзіне ыңғайлы сол жерге құмар келмей ме? Тіпті бал-шағасын да, ағайын туысын да сол бір жалбыршаш үшін тәрк етпей ме? Бұған кім кінәлі? Сондықтан да екеудің арасындағы тоят мәселесінде ұяттың көбесін сөгіп, ысырып қойған абзал. Әлбетте көшеге шығып, жүргіш боп кетсін деген сөз емес. Оған көрнекі құрал жетіп артылады. Ғаламторда арнайы курстар бар. Ол жетпесе кітап арқылы да секстегі көңіл көкжиегін кеңейтуіне болады. Сан түрлі сылтаулардың барлығын жиып қойып, қазақ әйеліне оянатын кез келді. Ері ертеңгі күні өзгенің босағасына барып телмеңдемеуі үшін ең алдымен төсектегі тірлігін бірінші орынға қойып, реттеп алсын» деп еді. Ащы айтылса да бұл шындық.
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз