Түнде тамақ жеу расымен зиян ба? Диетолог жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түнде тамақ жеу расымен зиян ба? Диетолог жауап берді Фото: depositphotos.com

Ресейлік эндокринолог және диетолог Антон Поляков түнде тамақ ішудің адам ағзасына қандай әсер беретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік эндокринолог және диетолог Антон Поляков түнде тамақ ішудің адам ағзасына қандай әсер беретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Асқорыту мәселелері туындамас үшін ұйқыға жатар алдында кемі үш сағат бұрын кешкі ас ішу керек дейді маман. Сондай-ақ түнде асқорыту жүйесі күндізгіге қарағанда нашар жұмыс істейтінін атап өтті.

"Адамдар әдетте тәбеті түнде ашылып, кейбір майлы, тәтті, ащы тағамдарды жеп қояды. Бұл түнде қалыпты түрде қорытылмайды. Біріншіден, бұл асқазан-ішек жолындағы жүктемені арттырады, ал екіншіден, ішектегі микрофлораның бұзылуына, ұйқы безінің шамадан тыс жүктелуіне және панкреатиттің дамуына себеп болуы мүмкін", - деп түсіндірді Поляков.

Сонымен қатар дәрігер егер адам көмірсуы көп тағамдарды (мысалы, тәттілерді) көп жесе түнде оянуға және адамның жүрек соғысының артуына әкеп соғатын көп адреналин шығарады. Диетолог кешкі асты ұйықтағанға дейін үш сағат бұрын ішуді және күндізгі соңғы тағамды жоспарлау кезінде жануарлардың ақуызына - ет, балық, құс еті, теңіз өнімдеріне, сондай-ақ крахмалды емес көкөністерге - қызанақ, қиярға назар аударуды ұсынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети