Тағдырының теперішіне ұшырап, темір тордың ар жағынан бір ақ шыққан нәзікжандыларымыз көбейіп келеді бүгінде. Олардың бірі алаяқ, бірі ұры, енді бірі кісі өлтіруші. Қутақым тірлікте жанталасып жүріп аяғын жаза басқандар. Назасын да, арының қазасын да көмбеге көміп тастаған қылмыскер қыз-келіншектер тиісті жазасын алғаны дұрыс та. Дегенмен де аяқ астынан, ашу үстінде адам өлтіріп, өз үкімін өзі кескендері де бар...

Ең қорқыныштысы темір тордың аржағында дүние есігін ашқан қаракөздеріміздің көбейіп келе жатқаны... Мың адамға шаққанда сотталғандар жөнінен әлем бойынша 17 орынды «қанжығасына байлады» еліміз. Бүгінде елімізде 5 әйелдер колониясы бар. Олар Алматы облысы, Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облысы және Шымкентте. Осы орындарда 3 569 ақжаулықты өз жазасын өтеуде бүгінде. Алматы облысындағы Жауғашты ауылындағы республикалық қыз- келiншектерге арналған ЛА-155/4 түзеу мекемесiнде ғана аяғы ауыр, не жас босанған әйелдер мерзімін өтейді. Түзеу мекемесi 1 100 адамға арналған. Бірақ бас бостандығынан айырылғандардың көбейіп кеткеніне байланысты бүінде мұнда 1 421 азаматша мерзімін өтеп жатыр. Мұнда “Балалар қалашығы» бар. Ол 50 балаға шақталып салынған. Үш жасқа дейiнгi балалар тәрбиеленеді. Бүгінде темір торда дүниеге келген бала саны жөнінен де кейбір елдерді басып озып кеттік. ЛА-155/4-те былтыр 16 бала дүниеге есігін ашқан. Мұнда дүниеге келетіндердің қарасы да жыл жылжыған сайын көбейіп келеді екен. Бұрындары 20-25-тен аспайтын болса, бүгінде олардың саны 50-ден асып жығылыпты... Тағдыры талқан, болашағы беймәлім балдырғандар ештеңеден алаңсыз өсіп келеді мұнда. Бұл жердегі балалардың жақсы көретін, жиі айтатын сөздері рақымшылық. Әрине аналарынан естігені. Не екенін түсінбесе де әйтеуір төрт қабырға мен темір тордан құтқаратын қасиеті бір күштей сезінеді...
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.