Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: министрлік мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: министрлік мәлімдеме жасады Фото: depositphotos.com

"Уақытты кері қайтару" петициясын қарау бойынша жұмыс тобының екінші көпшілік тыңдауы өтті. Әртүрлі облыстардан келген сарапшылар петиция авторының бірінші отырыста көтерілген сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Сауда және интеграция министрлігі сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Уақытты кері қайтару" петициясын қарау бойынша жұмыс тобының екінші көпшілік тыңдауы өтті. Әртүрлі облыстардан келген сарапшылар петиция авторының бірінші отырыста көтерілген сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Сауда және интеграция министрлігі сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Алмагүл Қауышева соңғы жарты жылдағы статистикалық мәліметтерді жария етті.

Ол ауқымды қорытындылар жасау үшін бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен бері өте аз уақыт өткенін атап өтті.

"Бірыңғай уақыт белдеуін енгізген күннен бастап көп уақыт өткен жоқ, алысқа баратын қорытынды жасауға әлі ерте. Биылғы маусымдағы мәліметтер бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына жүгінген адамдар саны 0,1 пайызға азайды. Биылғы 6 айда қан ауруларының 13,7 пайызға, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстардың 11,3 пайызға төмендеуі байқалды, онкология бұрынғы деңгейде қалды. Аймақтық тұрғыда ШҚО-да қан айналымы жүйесінің ауруларының 15,9 пайызға, онкологияның 1,5 пайызға және психикалық бұзылулардың 12,2 пайызға төмендеуі байқалды. Алматы бойынша, қан айналымы жүйесі ауруларының, онкологияның 2,3 пайызға, психикалық бұзылулардың 15,8 пайызға төмендеуі байқалады", - дейді Денсаулық сақтау министрлігі өкілі.

Еске салайық, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети