Қолданысқа енгеннен бастап қоғамда екіұдай пікір туғызып келген Ұлттық Бірыңғай Тест жүйесі 2015 жылдан бастап жойылып, жаңа фарматқа көшеді. Яғни, алдағы жылдан бастап, ҰБТ жүйесі екі кезеңді сынақ – жазбаша емтихан мен кешенді тестілеумен алмастырылады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі болып тұрған тұсында Мұрат Әбенов мәлім еткен болатын.

Оның айтуынша, мектептен алған білімді тек бір салада толық көрсету мүмкін емес.Сондықтан, 2015 жылдан бастап мектеп түлектері екі кезеңді сынақтан өтеді. Алдымен, бірнеше пәннен жазбаша емтихан тапсырады. Ал жоғарғы оқу орнына түсер сәтте кешенді тестілеуге қатысады.Кешенді тест екі бейінді пән бойынша өткізіледі.
Мұрат Әбеновтің айтуына қарағанда, емтиханның өту формасы өзгереді. Экс вице-министрдің мәліметінше,жаңа формат бойынша, мәтінмен жұмыс жүргізіліп, біліктілікті тексеретін бірнеше тапсырмалар беріледі. Бұл оқушылардың тәжірибе жүзінде білімін қаншалықты пайдалана алатынын анықтайды.
Бұл мәліметті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев те растаған болатын. Ол «мектеп бітіру және жоғарғы оқу орнына түсу емтихандары жеке өткізіледі. Алғашқы емтихан мектеп қабырғасында өтіп, оқушыға аттестат беріледі. Алайда форматы әлі анықталу үстінде. ЖОО-да да сондай екі пәннен тұратын тест жүйесі болуы мүмкін. Талапкер мамандыққа сәйкес, таңдалған пәндер бойынша сыналады. Қазір тізімі жасалуда. Ал медицина мамандығын таңдаған талапкердің химия және биология пәндері бойынша білімі тексеріледі» деген еді.
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.