Ұйғыр ғалымдары түркілердің ортақ тарихын «ұрлап» жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұйғыр ғалымдары түркілердің ортақ тарихын «ұрлап» жатыр

Түркілерге ортақ тарихты ұйғыр ғалымдары «тонап» жатыр. Бішкектегі «Демократия» құқық қорғау ұйымының төрағасы Тұрсын Ислам Ниязұлының «Қытай әлемге қауіп төндірді» (Китай угрожает миру) атты кітабын оқып шығып, осындай ойға қалдық. Автор түркі халықтарының беткеұстар Махмұд Қашқари, Әмір Темір, Әлішер Науаи сынды тұлғаларын ұйғыр ұлтының өкілі етіп иемденіп алған. Тіпті «Оғыз хан тұңғыш ұйғыр империясын құрды» деп жазады. Оның деректеріне сенсек, Күлтегін, Бумын қаған, Тұмар ханшайым, Еділ патша – барлығы да ұйғыр болыпты-мыс. Бұл түркілер тарихын бұрмалау емес пе? «Алаш айнасы» осы сұраққа жауап іздеп көрген еді.

Тұрсын Ислам Ниязұлының «Қытай әлемге қауіп төндірді» атты бұл кітабы 2010 жылы Стамбул қаласындағы «Мудараба» баспасында жарық көріпті. Бірақ мұның өзі күмәнді. Себебі аталмыш кітапты белгілі журналист Серікбол Хасан еліміздегі баспаханалардың бірінен тауып алғанын айтады. Бір қызығы, мың таралыммен жарық көрген кітаптың сыртқы мұқабасы, ББК, ISBN-і жоқ. Кітап Стамбул қаласында жарық көргеннің өзінде ресми тіркелмегені көрініп тұр. Кітап Ұйғырстанның тәуелсіздігі мен бостандығы жолында күрескен азаматтарға арналыпты. Бұл еңбектің авторы Тұрсын Ислам Ниязұлы 1936 жылы Құлжа қаласында туып, 1955 жылы Қырғызстанға көшіп келген екен. 1989 жылы «Иттипак» ұйғыр қоғамын құруға атсалысқан. Қазір «Демократия» құқық қорғау ұйымының төрағасы һәм Бүкіләлемдік Ұйғыр конгрессінің кеңесшісі қызметтерін атқарады-мыс. Енді осы азаматтың деректеріне назар салыңыз...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз...

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети