Украина территориясына қол сұғылған күні, ең бірінші боп сынаққа әскерилер түсті. Өкінішке қарай, сындарлы сәтте украин әскерінің бір бөлігі отанын сатып, бөтен тарап жаққа шығып кетіп жатты. Жалпы, бұл Қазақстан әскеріне қандай сабақ береді? «Алаш айнасы» осы сауалды мамандар талқысына ұсынды.
Украина территориясына қол сұғылған күні, ең бірінші боп сынаққа әскерилер түсті. Өкінішке қарай, сындарлы сәтте украин әскерінің бір бөлігі отанын сатып, бөтен тарап жаққа шығып кетіп жатты. Жалпы, бұл Қазақстан әскеріне қандай сабақ береді? «Алаш айнасы» осы сауалды мамандар талқысына ұсынды.
Саясаттанушы Досым Сәтбаев Украинадағы жағдайдан соң елімізде екі мәселе дереу қолға алынуы тиіс еді дейді. Біріншісі – сыбайлас жемқорлықпен күрес, екіншісі – ақпарат айдынан бөтен пиғылдыларды тазалау. «Алайда бұл мәселелер шешімінің тиімділігін әлі көре алмай келеміз» дейді саясаттанушы.
Досым Сәтбаев, саясаттанушы:
- Әскер – құрал. Ал ол құралды ұстап тұрған қол әлсіз болса, әскерден еш пайда жоқ. Украинада осындай жағдай орын алды. Ондағы территориялық сепаратизм идеологиялық сепаратизмнен басталды. Адамдар, өңірлер жік-жікке бөлінді. Тіл және басқа себептер бойынша. Мұны сыртқы күштер жақсы пайдаланып кетті. Әскер ештеңе істей алмай қалды. Тіпті, әскердің өзі алауыздыққа ұрынды. Сондықтан Украина жағдайынан сабақ ала отырып, Қазақстан күшті экономиканы өрістетуде қазір ішкі мәселелеріне барынша басымдық беруі тиіс. Билік, әскер мен халықтың жақын қарым-қатынасын құруы керек. Ол үшін, ең алдымен сыбайлас жемқорлықпен күресіп, ақпарат тарату айдынын бөтен пиғылдылардан тазалау қажет.
Сондай-ақ ол Тасмағамбетов заманға сай Қазақстан әскерінің тиімділігін арттыруға тырысып жатқанын байқайтынын айтады: « Қазақстанға үлкен әскер керегі жоқ. Оған шамамыз да жетпейді. Бізге керегі – қазіргі заманға сай шағын, ұтқыр әрі қарымды әскер. Ол үшін бүгінгі осы саладағы барлық техника мен технологиялардан қалыспау керек. Ең бастысы, Тасмағамбетов, әскердегі сыбайлас жемқорлыққа баса назар аударып, оны ауыздықтаса деймін. Өйткені жемқорлық бар жерде барлығы сатылады. Отан да...»
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.