11 наурыз 2019 | 09:12

"Ұлым, сен есейдің..." Балаларға жыныстық қатынас туралы не айту керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Жыныстық сауаттылық дегеніміз не? Баламен жыныстық қатынас туралы сөйлесуді қалай бастау керек? Бұл тақырыпты айтуда қымсылмау үшін не істеу қажет? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі жыныстық сауаттылық мектебінің басшысы, психолог Әсел Шаназаровадан сұрады. Үш қыздың анасы 2016 жылдан бері жасөспірімдерге осындай тақырыпта шеберлік сағатын өткізеді. Бір қызығы, жыныстық қатынас туралы сөйлесу секс тақырыбынан басталмайды...


Иконка комментария блок соц сети

Жыныстық сауаттылық дегеніміз не? Баламен жыныстық қатынас туралы сөйлесуді қалай бастау керек? Бұл тақырыпты айтуда қымсылмау үшін не істеу қажет? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі жыныстық сауаттылық мектебінің басшысы, психолог Әсел Шаназаровадан сұрады. Үш қыздың анасы 2016 жылдан бері жасөспірімдерге осындай тақырыпта шеберлік сағатын өткізеді. Бір қызығы, жыныстық қатынас туралы сөйлесу секс тақырыбынан басталмайды...

Психолог Әсел Шаназарова

Мен неге бұл тақырыппен айналыса бастадым дейсіз ғой. Үлкен қызым алты жасында бала қайдан пайда болады деп сұрады. Сонда айтуға ұялып, жауап бере алмай қалдым. Балалар іштен шығады деп айтқаным бар еді. Сөйтсем қызым дәрігер ішті жарады, одан көп қан кетіп, ауырады деп ойлап, қорыққанынан: "Мен бала тумаймын! Ауырады" деп мәлімдеді. Кейін біз бала психологының қабылдауына бардық, ол балалы болу немесе болмау - оның өз шешімі екенін түсіндірді. Осылайша қызымның көңілі жай тапты. Ол тоғыз жаста болғанда, тағы бір сұрақпен жаныма келді: "Анашым, біз қалай дүниеге келетінімізді түсіндім. Бірақ ішке қалай түсеміз?" деді. Бұл 2016 жылы болған. 

Осы уақытта Қазақстанның батысында 6 жастағы қыз зорланып, қайтыс болған еді. Содан кейін психолог ретінде ата-ана мен балаларға секс не екенін, жыныстық денсаулық және зорлық-зомбылықтан аулақ болу тәсілдері туралы білімімді бөлісуді шештім. Бірақ халық Украинадан шақыртқан жыныстық сауаттылық бойынша жаттықтырушыны суық қабылдады. Мұндағы мәселе олардың тақырыпқа дайын еместігі және менталитет айырмашылығында болды. Алайда мұнда да айырмашылық аса үлкен емес. Адамдар Украина мұндай мәселелер бойынша алға жылжыған, оларға сай келетін нәрсе бізге сәйкес емес деп ойлайды.

Жергілікті спикер қажет болды. Сексология және бизнес-тренингтер бойынша оқудан өткеннен кейін ол адам өзім боламын деп шештім.

Ата-аналардың көбі мұндай әңгіменің қажеттілігін жоққа шығарады: "Біздің балалар ондай емес. Олар ең таза, ақ" дейді. Бірақ содан кейін баласының интернетте порно қарап, сыныптастарына көрсеткенін, үйде түрлі сұрақ қоя бастағанын байқайды немесе мастурбация кезінде ұстайды... Сонда ғана ата-аналар әңгіменің қажет екенін түсінеді. Адамның қызығатын қандай да бір тақырыбы болса, ол туралы көбірек білгісі келеді. Мұндайда  әлеуметтік желілердегі мемдар мен өсек, қалжың әңгіме емес, тексерілген, дұрыс ақпаратты алғаны дұрыс болады.

Ата-аналардың көбінің түсінігінде жыныстық қатынас туралы әңгіме "Ұлым, сен ересек адамсың. Сен мынаны білуің керек..." деп басталатын сияқты. Шын мәнінде жыныстық сауаттылыққа үйдету пубертат кезеңінен ерте басталады, яғни туғанынан. Жыныстық тәрбие - көпқырлы. Ол: жыныстық органдарды атымен атай алу, өз шекарасын түсініп, тіпті ата-анаға оны бұзуға тыйым салу, "жоқ"деп айта білу.

Ата-аналарға баламен сөйлесудің орнына әрдайым сабаққа жібере алмайтындарын ескертемін. Тренингтен басқа, бұл әңгімені балаға жақын отбасы мүшесі бастағаны жөн. Ол мүмкіндігінше сол жыныстағы адам болғаны маңызды. Ақыл айтып отырған адам кезінде осындай проблемамен бепте бет келіп, оның шешу жолдарын білсе, ақпарат жақсы және оңай қабылданады. Бұл ретте, ата-аналардың жыныстық білім беру мәселесі бойынша бірыңғай ұстанымы болғаны жөн. Олар алдын ала отбасындағы белгілі бір нормаларды, балаға рұқсат және тыйым нәрселерді айтуы тиіс. 

Біз жыныстық қатынас туралы өте аз айтамыз. Ол жалпы уақыттың он пайызы ғана. Мен ақпараттық тренинг өткізгенде медицина, психотерапия, сексологияға да терең үңілмеймін. Тек бала мен ата-анасы қызықса өзі дамытып алатын ақпарат беремін. Оған 12-17 жастағы жасөспірімдер қатысады. Әр топтың қызығушылығы мен мінезі бөлек. Тренингте нақты регламентке сүйенбеймін. Тек жоспар бойынша таңдаған тақырыпқа әңгімелесеміз. Әр түрлі жағдай болады: бір жасөспірімдер сленг тақырыбына әуестенеді, басқаларын контрацепция, үшіншілер эмоция мен сезімге тоқталады, ал тағы бір топ өзіне-өзі қол жұмсау тақырыбына қызығушылық танытады. Ал пікірталас нәтижесі шешілмейтін мәселе болмайтынын, көмекке жүгіну керектігін және адамға сену қажеттігін көрсетті.

Жаттықтырушы ретінде мен үшін бағдарламада үш негізгі түсінік бар: сенім, қауіпсіздік және жауапкершілік. Негізінде, бүкіл жасөспірімдермен секс тақырыбы айналасында әңгімелемін. Оларға әлем картинасын кеңінен көрсетуге тырысамын. 

Сонымен, балаларыммен жыныстық қатынас туралы қалай сөйлесемін? ...

Мен олармен жыныстық қатынастың құндылықтары туралы сөйлесемін. Секс - тек жыныстық қатынас емес, бұл екі адам арасындағы коммуникация: жыныстық қатынас кезінде адамдардың қарым-қатынасы олардың бүкіл өмірін көрсетеді. Коммуникация - адамның басты құндылықтарының бірі, себебі социумнан тыс адам өмір сүре алмайды. Біз тренинг барысында қатысушылармен бірге "Ер адамның әйелге көзқарасы қандай, олар сезімі мен эмоциясын қалай білдіреді?", керісінше "Әйел адамның көзқарасы қандай және олар сезімі мен эмоциясын қалай білдіреді?", "Отбасымен қалай эмоцияларың туралы сөйлесу керек?" деген сұрақтарға жауап іздейміз. Біздің өмірімізде отбасылық сценарий бар. Барлық бала үй ішіндегі адамдардың мінез-құлқын бойына сіңіріп өседі, кейін оны өзі де қолданады. 

Сондай-ақ, барлық адамда жауапкершілік, сенім және қауіпсіздікті сезу сияқты құндылықтар болады. Осылар алғашқы жыныстық қатынасқа алып келеді және алып келуі тиіс. Дәл осы сезімдерді ұят, ыңғайсыздану, алаңдаушылықтың орнына сезіну қалыпты жағдай. 

Жоқ, адамдар эмоция мен сезімді әр түрлі жолмен жеткізе алады, біз соны талқылаймыз. Көп жағдайда қыздар өзін-өзі бағалау сезімін жоғалтқанда, "Мен онсыз өмір сүре алмаймын", "Ол болмаса ешкіммін", "Ол мен үшін бәрі" деп бүкіл әлем серігінің қолында тұрғандай өзін оған тәуелді сияқты сезінеді.

Қоршаған әлем Интернет, теледидар, фильм, ересек адамдардың пікірі арқылы өзіңді ұстаудың дұрыс емес моделін көрсетеіп, қыздарды ерте жыныстық өмірге итермелейді. Олар басқа ақпарат көзі болмағандықтан, естіп, көргендерін негіз ретінде қабылдайды. Тіпті Қазақстандағы түсінік бойынша, әйел тұрмысқа шығып, дүниеге бала әкеліп, өзінің миссиясын орындамайынша, ешкім емес. Сондықтан қыздар сыртқы әдемілікке аса мән береді. "Мені күйеуге ала ма? Мен кереметпін бе?" деп ернін "үйректікіндей" етіп суретке түседі

Тренингте "құндылық" сөзі айтылмаса да, барлық ой соған кеп тіреймін. Мен балалар өздерінің қандай екенін, қоршаған орта оларды қалай қабылдайтынын және өзгелердің пікірі деген не екенін түсіндіруге көп көңіл бөлемін. Бұл саналы болуға, өзіңді және қарсы жыныстағы адамды құрметтеуді үйрететін жаттығу. 

...Мен олармен шекара туралы сөйлесемін

Менің өз құндылығым болса, оны түсінсем, басқа адамның да өзін-өзі бағалауын және құндылығын құрметтеймін. Осылайша құрметтеу шекарасы пайда болады. Жасөспірімдерге өз шекараларын сезуге және өзгенікін құрметтеуге үйрету маңызды: "Неге мен оларға ашықпын, ал олар жоқ?", "Мен оны жақсы көрсем, ол мені тастап кетті".

Шекара туралы тақырыпта төрт аспекті бар: жеке кеңістік, баланың қоғаммен ашықтық дәрежесі, сексуалдық даму және "жоқ"деп айту қабілеті.

Бірінші аспект - жеке кеңістік аймағы, олардың төртеуі бар. Көпшілік зона - төрт метрден көп (мен және аудитория арасындағы қашықтық). Әлеуметтік зона - 1,5-4 метр (мен және бейтаныс адам арасындағы қашықтық). Жеке зона - 0,5-1,5 метр (мен және таныс, әріптестердің арасындағы қашықтық). Жақын зона - 15-45 сантиметр (мен және дос, туыстарымның арасындағы қашықтық). 

Өкінішке қарай, біз, ата-аналар, осы шекараны жиі бұзамыз: бөлмеге есік қақпай кіріп кетеміз, киіну мен шаш үлгісін айтамыз, жасөспірімнің уақыты мен әуестігін толықтай бақылаймыз, белгілі бір мамандық пен жоғары оқу орнын таңдауға итермелейміз... Сондай-ақ, дәрігерлер мен басқа адамдар да шекараны бұзады. Бала дәрігердің бөлмесінде немесе ортақ киінетін жерде шешінгісі келмесе, оны ұрсып, сынау қажет емес. Дәл осы баланың ашықтық дәрежесі деп аталады - тақырыптың екінші аспектісі. БҰҰ-ның халық қоныстандыру саласындағы қоры әзірлеген PANTS ережесі бар. Оның тармақтарының бірінде, киім астындаға барлық нәрсе менікі және оны рұқсатымсыз ешкім ұстай алмайды делінген. Ата-аналарға бұл туралы білу және балаларын осы ережеге үйрету өте маңызды.


Сурет parentinfo.org сайтынан алынған 

PANTS ережесі

P - "Сенің нәрсең - тек сенікі" (Private - ағылшын тілінде жыныстық органдар және олардың суреті)

A - "Сенің денең тек саған тиесілі екенін ұмытпа"

N - "Жоқ" дедім ба "жоқ"

T - "Сені мұңайтатын сырыңды айт"

S - "Бәрін айтудан қашпа, біреу көмек қолын созуы мүмкін"

Үшінші аспект - сексуалдықты дамыту. Бұл өз денеңді, эмоцияңды түсіну. Менің денем қандай? Ол не істей алады? Қай жер ұнайды? Қай жер жақпайды? Бұл түсініктің дамуына спорт және денені өздігінен зерттеу ықпал етеді. Мастурбация деген қалыпты нәрсе. Мен мұны бәрі жасайды деп айта алмаймын, себебі біреу үшін бұл лас және ұят нәрсе. Бірақ барлығы дерлік бұған қызығушылық танытады. Әрине, балаңыз оны қоғамдық жерде жасаса, психолог көмегіне жүгіну керек. Мәселе оның қанша жасында пайда болғанында. Егер 5 жасар бала болса, онда жүйкесін тыныштандыратын басқа нәрсе табу керек. Ал ата-ана денесін зерттеп жатқан 12-13 жастағы баланы мастурбация кезінде көріп қалса, жай ғана бөлмеден шығып кеткен жөн. Ата-аналар үшін бұл аумақ terra incognita болуы керек. Мұндайды қалыпты жағдай десе болады, бірақ бақылау қажет емес.

Қыз немесе жігіт "жоқ" десе, "жоқ" дегені. Бұл қорқақтықты немесе басқадан кем екенін білдірмейді. "Жоқ" - әлі қаламаймын, қазір маған қажет емес. Бұл қабілетті дамыту үшін, бала өзін-өзі бағалау керек және шекараны білу керек. 

Адамның шекарасы жыныстық органдарды өз атымен атай алмағанда да бұзылады. Оларды көбіне бір нәрсеге теңейміз, бірақ шын атын атамауға тырысамыз. Әйелдер тек жүктілік кезінде оларды атымен айтады, ал ер адамдар лексиконы дөрекі сөздермен ғана шектеліп қалады. 

Әдетте балалар "секс" сөзін мектептен әкеледі. Балалар ол туралы сұрамайынша, бұл тақырыпқа сөйлесудің қажеті жоқ. Бірақ жыныстық сауаттылықтың бір бөлігі ретінде денеге құрметпен қарау туғаннан бастап қалыптасуы керек. Кіші жастан балалармен жеке гигиена, ішкиім ауыстыру, өзіне күтім жасау туралы сөйлесуге болады.

...Мен олармен эмоция жайлы сөйлесемін

Бұл да құндылықтар тақырыбынан туындайды. Мен балалардан адамның жануардан айырмашылығын сұраймын. Олар талқылап, google-ға теріп: "Адам жануарға қарағанда эмоциясын, әрекеттерін бақылай алады" деп жауап береді. Бұл зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін маңызды белгі. 

Балалар махаббатты әлемдегі ең басты сезімге балайды және оны барлық жерден көреді. Шын мәнінде, толық, жетілген махаббаттың алдында көп саты бар - ұнату, ғашық болу, ойнақтау, достық. Өмір махаббатты секс арқылы білдіруден әлдеқайда кең. Саған адам ұнаса, оны білдірудің басқа да жолдары бар: үстін жылы киіммен жабу, сыйлық жасау немесе киноға шақыру, достармен таныстыру, бірлесіп жоспар құру, бір-біріне көмектесу... 

Бүгінде эмоцияның мәні бағаланбайды. Адамдар шынайы сезімін көрсетудің орнына, түрін poker face жасап жүреді. Эмоция - өзіңді және әлемді түсінуге көмектесетін, не қалайтыныңды және оған қалай қол жеткізу керектігін көрсететін маңызды құрал. Эмоцияны тежеу коммуникацияның бұзылуына әкеледі. Мұнда біз басқа адамдардың сигналын дұрыс түсінбейміз және қате шешім қабылдаймыз. Жаман эмоция болмайды: жылағың келеді ме - жыла, көңіл көтергің келді ме - көңілді бол. Алайда эмоцияңыз басқа адамдарға зиян келтіруі мүмкін болса, оларды қалай тежеу керектігін түсіну керек. Бала ашуланып, күш-қайраты тасып, біреуді ұрғысы келіп тұр делік. Бірақ ол төбелестің, басқа адамнан агрессиясын шығарудың пайдасы жоқ екенін түсінсе, ашуын баса алады. Эмоциялармен жұмыс - өз-өзіне көмекші болу.

Атап айтқанда, біз Гэри Чепменнің "Пять языков любви" кітабын қозғап отырмыз. Автор бес махаббат тілі бар екенін айтады. Олар: сөз, уақыт, сыйлықтар, көмек, жанасу. Жұп шын мәнінде бір-бірін сүйе алады. Бірақ біреуі махаббатын көмек көрсету арқылы білдіреді және бірге уақыт өткізгенде оны жақсы көретінін түсінеді. Ал екіншісінде "махаббат тілі" - сыйлықтар...

Жасөспірімдер ұл да мен қыз да гендерлік стереотиптерге қарамастан қайғырып, уайымдап, үміттенетіні, әлсіз және осал болатынын көргендері маңызды. 

...Мен олармен болашақ отбасы туралы сөйлесемін

Бұл бөлімде барлығын қалыптасқан бір үлгіге әкелгім келмеді. Біздің қоғамда отбасы құндылық саналады. Бірақ балаға оны қашан және кіммен құру - жеке таңдауы екенін түсіндіру маңызды. Жалпы өмірде болған нәрсенің бәрі - біздің таңдауымыздың нәтижесі. Сондықтан жауапкершілік туралы көп айтамыз.

Мен қорқытып тұрғаным жоқ, бірақ бәрінің салдары болатынын айтқым келеді. Баланы іште қалдырсаңыз, ерте ересек болу керек. Ал қалдырмасаңыз, моральдық қиындықтан басқа, болашақта әйелде бедеулік болуы мүмкін. Сондықтан контрацепция маңызды. Кездейсоқ секспен қатар, өзге де мінез-құлық түрлерін талқылаймыз: маскүнемдік, нашақорлық, ойынқұмарлық.

Менде репродуктивті жүйенің қандай екенін түсінікті әрі әдемі жазып көрсеткен қызықты кітап бар. 12 жастағы көптеген балалар үшін бірінші циклдан кейін жүкті болу мүмкіндігі таңғаларлық ақпарат. Біз адамның денсаулығы физикалық, эмоционалды және рухани денсаулықтың құрамдас бөліктерінен тұратынын талқылаймыз, ал физикалыққа жыныстық және репродуктивті денсаулық жататынан түсіндіреміз. Жыныстық денсаулық  - дененің қандай екенін түсіну, оған құрмет көрсету, өзінің сымбатты екеніңді түсіну және қабылдау.

Кейде қыздар қандай да бір сұрақты ұлдардың көзінше талқылаудан ұялады. Бірақ тренингте барлығын өз атымен айтқан маңызды. Мысалы, бір жасөспірім үшін "секс" сөзі жағымсыз болса, онда ол "стоп" дейді, кейін біз мұндай сезім тудырған не екенін талқылаймыз. Кез келген тақырыптан аулақ болатын балалар да бар. Олар өзін көрсетуге қорқады. Ұят негізінде мені басқалар қабылдамайды деген қорқыныш болуы мүмкін. Бірақ әуесқойлық ұятты жеңсе, өзің және қоршаған адамдар туралы көп қызықты ақпарат білуге болады.

Қорыта келсек, жасөспіріммен жыныстық қатынас туралы әңгімені құндылық, шекара, эмоция, болашақ отбасы сияқты тақырыптардан бастауға болады.

Автор: Ольга Пастухова

Аударған: Камила Долаева

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети