ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастады Видео кадры

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастаған. Бұл туралы Комитеттің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс бастаған. Бұл туралы Комитеттің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Tengrinews.kz редакциясы ҰҚК-ға Сабуровқа қатысты қылмыстық заңнаманы, оның ішінде Қылмыстық кодекстің 170-бабын ықтимал бұзу дерегі бойынша тексеріс жүргізілді ме деген сауал жолдаған.

Анықтама: Қылмыстық кодекстің 170-бабы - "Жалдамалылық". Бұл соғысқа, қарулы қақтығыстарға қатыстыру немесе билікті құлатуға, елдің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттер үшін адамдарды жалдау (вербовка), оқыту, қаржыландыру немесе пайдалануды білдіреді. Бұл үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Ақпарат назарға алынды, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жауап берген ҰҚК.

Бұған дейін танымал қазақстандық комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны белгілі болған. Мәліметке қарағанда, бұл шешім "елдің ұлттық қауіпсіздігі мүддесі үшін, заңнаманы сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау мақсатында" қабылданған.

Әзілкеш Дубайдан оралғаннан кейін Мәскеудегі Внуково әуежайында тоқтатылған. Сабуров Дубайға тегін депортациялаудан бас тартып, Қазақстанға билет сатып алған. 7 ақпанда таңертең ол Алматыға келген. Оның артынан Алматыға "Что было дальше" шоуының тағы бір жүргізушісі Алексей Щербаков та ұшып келген.

Заңгер Александр Хаминскийдің айтуынша, Сабуров Ресей саясатына қатысты ұстанымын көпшілік алдында өзгертсе, тыйым алынады. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.97  course down  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети