Үркер шоқ жұлдызын - астрономиялық ғылым тілінде "Плеяды" деп атаған.
Үркер шоқ жұлдызын - астрономиялық ғылым тілінде "Плеяды" деп атаған.
Бағызаман қазақ есепшілері " Үркер шоқ жұлдызы" деп ат қойған. Қазақ таныған жұлдыздар арасында Үркер жұлдызы - Уақыт есептеу, ай ауысу, маусым алмасымдарының белгісі ретінде таныған шоғыр жұлдыздардың бірі.
Үркер жұлдызы қазақ халқының шаруашылығын оңды ұстауына, ерекше ықпал жасаған , ең танымал жұлдызы болып саналады. Үркер шоқ жұлдызы - маусым айының 22 күні кеште, аспанның шығыс жиегінен, таң қылаң бере көрінеді де 10 минуттай тұрып, күн шұғыласына шомылып, көрінбей қалады. Үркер шоқ жұлдызы - Мамыр айының ортасына дейін, аспан көкжиегінің ақ - қызыл сызығының арасында туып - батып жүреді. Мамырдың ортасында күнге ең жақын барып, күн қолтығына кіреді . Қырық күн бойы, күнді тасалап, күнмен бірге туып, бірге батып, күн тасасыда жасырынып көкте жүреді.
Ол кезде Күн - Үркерді көрсетпей нұрымен тасалатып тастайды. Бағзылардың " Үркер жерге түсті" ( Үркер тасқа түссе, жаз қағыр ыстық, қуаңшылық болады, Суға түссе, жаз жаңбырлы, жыл жәйлі болпды. Жерге - топыраққа түссе, мол өнім аламыз, шөп біттік шығады) деп тұжырымдап жүрген жорамалы осы Үркер шоқ жұлдызының күн тасасында 40 күн жүрген мезгілін айтады.
Үркер қырық күнен кейін яғынй маусым айының жиырмасында күнен ақырын - ақырын алыстап, күншығыстан туады. Қазақ астрономиясы бойынша, Үркер қайта көрінген күні, күн ұзарып барып тоқырайды. Оны "күннің жазғы тоқырауы", "Түніннің шегіне жетіп қысқаруы" немесе " күн мен түннің қатар тоқырауы" деп атайды.
Үркер - Күн мен Айдың жүретін жолына ең жақын жұлдыз. Ай мен Үркер ай сайын аспанда біріне - бірі жақын келіп, тоғысып өтеді. Үркер мен Айдың осы қозғалысына қарап, қазақ есепшілері әр айдағы тоғыс арқылы он екі ай, бір жылдық есеп кәлендірін жасаған.
Тоғыс деген не?
Қазақ есепшілері - Үркер шоқ жұлдызының Айға жақын келіп, ай шарының арғы бетімен беттесіп өтуін "Тоғыс" деп ұйғарады. Немесе Айдың Үркер шоқ жұлдызын басып өткендегі, Үркер жолындағы жүргізілетін уақыт есебін "Ай тоғауы" деп атайды. Әр айда аспан Айы бір рет, Үркер шоқ жұлдызын басып өтеді. Осы кезде Үркер шоқ жұлдызы Айдың аржақ тасасында қалады да көрінбейді. Ай тоғауы үш күнге созылады. Бірінші күні, Үркер Айдың қолтығына тақап келгенде, "Ай тоғайды", екінші күні "Ауыл үй қонады" (Бүл күні Үркер Айдың арғы бетінде ерулеп, көрінбей жатады). Үшінші күні "Үркер шоқ жұлдызы өріп шығады" (Осы есепті жақсы меңгерген мал ұрылары Үркер Айдың тасасында жатқанда, мал ұрлайтын болған. Ол күнгі ұрлық ашылмайды екен). Тоғау біткен соң, Ай баяу жылжып Үркерден алыстай береді. Осымен "Ай тоғауы" да "Үркер тоғысы" да аяқтайды.
Қазақ еснбіндегі "Тоғыс", "тоғау" дегеніміз - Ай мен Үркердің аспан күмбезінде кездесіп, бір-бірімен беттесіп өткен кезіндегі , жұлдыз қозғалалысының уақтын көрсететін мезгілін
"Ай тоғауы" , "Үркер тоғысы " деп атаған.
Қазақ есебінде тоғыс айы 28 күн немесе 27 күн 7 сағат 43 минут деп есептеген. Осындай есеппен бір жыл, он екі айда 13 тоғыс айы келеді. Жаздағы шілде айында Үркер жұлдызы аспаннан көрінбегендіктен, екі тоғыс қай күндері екені беймәлім болып қалған (Мұны білетін адамдар біруден қарыз алмайды, біреуге қарыз бермейді, жаңа жұмыс бастамайды екен. Үйтсе өмір бойы қарыздар болып өтеміз, жаңа жұмыстан нәтйже шықпайды. Есеп дұрыс болмайды деп ырым етеді екен).
Ал қалған он бір Тоғысты Қазақ есепшілері "Ай тоғауы" мен "Тоғыс күндерін" нақты есептеу арқылы бір жылдағы, он екі айды тоғыс есебімен есептеген. Ол үшін Үркер мен Айдың аспандағы жүретін жолын, Үркер мен Айдың жақындайтын уақытын, өте жақсы меңгерген. Жаңа Айдан - жаға Айға дейін, Толған Айдан - Толған Айға дейін, Өліарадан - Өліараға дейінгі уақыт есебін ғылми түрде дүрыс есептей алған. Соның жемісінде төмендегідей нақты ай аттары
"Ай тоғауы" , "Үркер тоғысын" тұрақтап көрсете алған:
1 .Жеті тоғыс - Наурыз айы (7-8-9 күндері),
2.Бес тоғыс - Көкек айы (5- 6-7 күндері),
3. Үш тоғыс - Мамыр айы (3-4-5 күндері),
4. Бір тоғыс - Маусым айы (1-2-3 күндері ),
5. Жиырма үш тоғыз - Шілде айы (23-24-25 күндері), ескерту: (Бұл күндері аспанда Үркер жоқ. Шамасы осы күндері болуы мүмкін деп межелеген).
6. Жирма бір тоғыс - Тамыз айы (21-22-23 күндері),
7. Он тоғыз тоғыс - Қыркүйек айы (19-20-21 күндері),
8. Он жеті тоғыс - Қазан айы (17-18-19 күндері),
9. Он бес тоғыс - Қараша айы (15-16-17 күндері),
10. Он үш тоғыс - Желтоқсан айы (13-14-15 күндері),
11. Он бір тоғыс - Қаңтар айы (11-12-13 күндері),
12. Тоғыз тоғыс - Ақпан айы (9-10-11 күндері).
Қазақ есепшілері Үркер шоқ жұлдызы 14 мамыр мен 21 маусым аралығында , күн құшағында жасырын жүрген кезінен , басқа уақыттарда Үркер - Торпақ шоқ жұлдызының құрамында , түнгі аспанда үзбей ашық көрініп тұрады. Ай батыстан туып, шығысқа қозғалғанда, Үркер шығыстан туып батысқа қозғалады. Бір-біріне қарсы қозғалған Ай мен Үркер бір айда бір тоғысады. Қазіргі астрономия ғылымда Ай мен Үркерге қарап , уақыт айыруды "Жұлдыздық ай есебі" деп атайды.
Қазақ есепшілері Жұлдыздық ай мөлшерін 28 күн деп белілепті. Бір жыл, он екі ай ішінде Ай мен Үркер 13 рет тоғысады. Тоғыс есебінде бір жылда (364 - 365 ) күн болады.
Қазақ есепшілері бір жылды төрт тоқсанға бөліп есеп жүргізген:
1. " Көктоқсан" (Бұл тоқсан Наурыздың 21 жұлдызынан, Маусымның 21 жұлдызына дейінгі үш ай уақыт аралығын қамтиды) .
2. " Шілде тоқсан", (Маусымның 22 жұлдызынан , Қыркүйектің 21 жұлдызына дейінгі үш ай уақыт аралығын қамтиды).
3. " Желтоқсан" (Қыркүйектің 22 жұлдызынан , Желтоқтаннаң 21 жұлдызына дейінгі үш ай уақыт аралығын қамтиды).
4. " Ақтоқсан" (Желтоқсанның 22 жұлдызынан, Наурыздың 21 жұлдызына дейінгі үш ай уақыт аралығын қамтиды).
Қазақ ұғымындағы төрт тоқсан - Топырақ, От, Жел, Су сынды төрт заттан құрпылады. Төрт мінезден қалыптасады. Әр тоқсан айын былай бөлген:
1. Наурыз, Көкек, Мамыр айларын "Топырақ жұлдызына" жатқызады.
2. Маусым,Шілде, Тамыз айларын "От жұлдызына" жатқызады.
3. Қыркүйек, Қазан, Қараша айларын "Жел жұлдызына" жатқызады.
4. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан айларын "Су жұлдызына" жатықызады.
Қазақ халқы осы төрт тоқсандағы Үркер шоқ жұлдызының аспандағы жүрген жолын бақылап, әр айдағы Ай мен Үркердің түйлісетін күндерін тұрақтап, алдағы "Амалдарға" жорамал жасап отырды. Бір айда екі амалдан, он екі айда жирма төрт амал кіреді, он үш тоғыс өтеді деп есептейді. Жирма төрт амал мен он үш тоғыс арқылы бүтін жылдың ауарайын есептеп шығады. Ақпан айының басында "Ақпан айы мен Қамбар жұлдызы тоғысады". Бұл тұста , Ай қызарып туып, Үркерден алыс барып, шалқалап жатып тоғысады. Мұны халқымыз "Жұт тоғыс" не " Алыс тоғыс" деп атаған. Тетелес келетін екі тоғыс аралығында өтетін уақытты қазақ "тоғыс айы" дейді.
Қазақ жыл қайыру тәжірибесінде "Тоғыс есебі " сонау, Көктүркілер замандарынан (осыдан бес мың жыл бұрын ) бастау алғаныны анық. Күн, апта, Ай, жыл, мезгіл ұғымдары, күнтізбе мен ауа райына қатысты қажеттіліктен туындады. Арысы адамзат пайда болғаннан бері қолданылып келе жатқан жартылыс, тәбиғат тану, ауарайын болжаудан жыйнақталған, халықтың төл тәжірибесі екені шүбәсыз шындық.
Үркер тоғысын білу - малшылар қауымы үшін күнделік кәсіп - шаруашылығында , аса маңызды рол атқарды. Жыл басы , Үркердің батуы, Көктемнің кіруі мен аяқтауы бәрі-бәрі келер күннің ,туар айдың, кірер жылдың райын, мінезін алдын ала біліп отырса , олар алаңыз еңбек етеді. Тыныш өмір сүреді. Сондықтан Үркердің тәуліктік қозғалысын астрономиялық жақтан дәл бақылаудың мәні зор еді. Түн мен Күнің ұзақ- қысқалығын дұрыс игерсе, қолындағы мал мен егінді өсірудің , уақытты ұтымды пайдаланудың керемет әдіс- амалдарын табар еді.
Шаруашылығын шалқытып, байлығын балқытып ұстау үшін әр шаруа астрономиялық білімнен толық хабардар болуы шарт болды. Міне, осы қажеттілік қазақ шаруаларын бірден астронмия ғылымын тануға жетелеп әкелді. Тіпті үйде отырған аналар да , аспан шырақтарын тани бастады. Қай жұлдыздың қайдан туып, қай мезгілде аспанның қай бағытынан бататынына дейін біліп алды.
Үркер қас қарая туып, таң атқанша батпай аспанда көрініп тұрса, ең ұзақ түн (қыс ортасы), Үркер түн ортасында батып кетсе, күн ұзарып, түн қысқара бастағанын біледі. Үркердің жылдық жолы ғана емес, Үркер батқан кезден, келесі жылғы аралыққа дейінгі тәуліктік қозғалысына мән беріп есептеп отырды. Үркер тоғысынан ауарайын болжап, жыл мезгілінің мінезін күн ілгері танып отырды.
Қазақтың Үркер есебінде, бір жылды екі мезгілге бөліп қарастырды. "Үркер жерге түсті" ( Үркер көрінбей кеткен шақ - жаз мезгілі). "Үркер көтерілген шақ" (қыс мезгілі). Бұны "Алтай жаз", "Алтай қыс" деп атады.
Қазақ есепшілері - Аймен тоғысатын Үркер жұлдызы ғана емес, "Қамбар жұлдызының" да Аймен тоғысатынын анықтаған. Қамбар жұлдызы - Қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, Қаңтар, Ақпан айларында аспанда үнемі туып, Наурыз айы туғанда батып, күн жүйесінің аржағына өтіп кететінін жақсы білген. Қамбар жұлдызы - Аймен бес рет беттесіп тоғысады:
1. Тоғыс - Қазан айының Тоғыз жаңасында тоғысады. Есепшңлер бұл айды "Тоғыздың айы" (Қазан толған ай) деп атайды.
2. Қараша айының жеті жаңасына тоғысады. Бұл айды "Жетінің айы" (Қараша-қауыс) деп атайды.
3. Желтоқсан айының бес жаңасында тоғысады. Мұны "Бестің айы" (Желтоқсан-Текебұрқақ айы )деп атайды.
4. Қаңтар айының үш жаңасында тоғысады. Мұны "Үштің айы" (Қаңтар- тоқырау айы. Қаңтар айының 22 жұлдызы түн ұзарып барып тоқтайды. Ертесі күн ұзара береді. Мұны күннің" Қысқы тоқырау" деп атайды. Қаңтарда күн қарға адым ұзарпды деген сөз осыдан қалған).
5. Ақпан айының бір жаңасында тоғысады. Мұны "Бірдің айы" (Ақпан - ақмылтық айы) деп атайды.
Байырғы ата-бабаларымыздың "Қамбар тоғысы", "Бес тоғысы", "Қамария есебі" деп атап кеткен көне есебі осы тоғыстан алынған. Қазақтың байырғы есепшілір Арыстан жұлдылын - "Қамбар жұлдызы" деп атайды. Бұл шоқ жұлдыз күнбатысқа қарап тұрған арыстанға ұқсайды. Оның екі жұлдызын "Қамбардың" мұрты, екі жұлдызын аузы, бір сарғыш жұлдызын өті, келесі жұлдыздарын құйрығы деп атаған екен. Бұл жұлдыз Ақпан, Наурыз айларында түнгі аспан аясынан анық көрінеді. Ай орбитасына жуық орналасқандықтан, Қамбар жұлдызы Аймен тоғысады. Ол - Шаян мен Бикеш жұлдызының ортасындағы солтүстік жарты шар аспанындағы зодиактық" шоқ жұлдызы" делеіеді.
Қазақ есепшілері Үркер шоқ жұлдызының аууынан күн райы өзгереді, әр айдағы Үркер мен Айдың тоғысуында, әр айдың Өліарасында ауарайы құбылады, жауын-шашын болады. Егер Ай тоғаған үш түн бұлтсыз ашық аспанда өтсе, жұлдыздар жамырап көрініп тұрса, бұл айда жауын - шәшін мөлшері аз болады. Ай тоғаған үш түнде Ай бетін қара бұлт торлап ,көктегі жұлдыздар сиреп көрінбей өтсе, бұл айда жауын - шәшін мол жауады. Таулы өңірлерде сел тасқынын жүреді деп жорамал жасап, туылатын апаттардың алдын алады. Ойпатта, сайда, суағарларда қоынып отырған үйлерді, көтеріңкі белдерге көшіп-қондырады.
Қазақта" Үркерлі айдың бәрі - қыс" деген тұрақты сөз тіркесі бар. Үйткені Үркер көкжиектен көріне бастағаннан бастап, ұлы таулардағы шөп басына шық тұра бастайды. Таң мен кеш салқын тартады.
Қазақ халқы - Үркер, Таразы (үш арқар), Сұмбіле жұлдыздары аспанның шығыс шарынан бірінен соң бірі туатынын қалт жібермей бақылаған. Бұл үш жұлдызды "Шоқ жұлдыздар" деп атаған.
Үркер - маусым айының аяғында, Таразы тамыздың соңында, яғыни үркер туғаннан кейін 20 күн өткенде Таразы туады. Сұмбіле - қыркүйек айында туады. Бұл үш шоқ жұлдыз жаздың бас-аяғын көрсетеді. Үркер - аспаннан көрінбей кеткенде жаз басталады. Таразы туғанда, жаз соңына тақайды. Сұмбіле туғанда, жаз аяқтап, күз басталады.
Қазақ есепшілері, Үркер шоқ жұлдызы - аспаның шығыс көкжиегінен туса - күз келді, хақ аспаннан туса, қыс басталды, Батыстан туса, көктем кірді, аспан аясынан Үркер шоқ жұлдыз көрінбей кетсе - жаздың шілдесі кірді. "Шіліңгір шілде" туды деп, жылдың төрт маусымының ауысымын Үркердің туу бағытына қарап айырады. Ал , кейде малшылар, өз жорамалдарымен, "Көк шықты" , "Жыл құсы оралды", "Қозы - Лақ аяқтанды", "Ағаш бұрледі", "Алма гүлдеді", "Пішен басталды", "Кұзем кірді", "Егін пісті", "Мал қоңданды", "Муз қатты", "Су тұныды" "жерге тоң жүрді", "Құс қайтты" т.б. Жердегі тәбиғи өзгерістерге қарап та , маусым ауысымдарын дәлме - дәл айтып жатады.
Қазақ есепшілері көбінесе, маусым ауысымдарын Үркер шоқ жұлдызының , аспан аясындағы , орын алмастыруына қарап, нақты айтады.Үйткені Үркер жұлдызы алдамайды деп қарайды. Егер, киіз үйдің шаңырағынан Үркер шоқ жұлдызын көрсе, алда "Үш ай аязды қыс бар" , "Үркер төбеден кетпей қыс кетпейді, аяз қайтпайды" деп ұйғарады. Үркердің хақ аспан ортасынан көрінуі - күз айының соңы, қараша айының басқы күндеріне тура келеді. Үркер шоқ жұлдызы аспанның хақ төрінен көрінген кезінен бастап, мал мен жаның қамын жейді. Қора қалтқыларын қалыңдайды. Жем- шөпті үнемдеп, қыс соңына сақтайды. Желтоқсан - желдің айы, Қаңтар - қардың айы (бәрі қаңтарулы тұрады). Ақпан - аяз айы. "Ақпан - ақырып келеді, қарлы боранын шақырып келеді" деп, әр айдың мінезіне қарай, мал мен жаның азығын ретке келтіріп, қытымыр қыстан қысылмай өтудің амал-тәсілдерін табады. Үш ай қысқа дұрыс есеп жасайды.
Қазақта Үркер шоқ жұлдызына қатысты басқаша айтылатын болжамдар көп. Үркер - көтерілген сайын, ай шалқалап туады, күн аязды бодады. Үркер - төмен деген сайын , ай еңкейп туады, күн жылына бастайды. Ал Үркер жерге түскенде, Түйе жабағысын күзейді, қой мен ешкінің жүнін қырқады. (Бұл мезгіл мамыр айының аяғы мен маусым айының басы саналады). Қазақ есепшілері малдың жүнін қырқып отырып, күземі алынып болған , малдардың жатысына қарап, алда келетін қыстың ауарайын болжайды. Егер жүні қырқылған малдар бір-біріне бүйрін тигізіп жусаса, онда алдағы қыс қыры қатты болады. Қыс ұзақ, қар қалың түседі. Ала қыстай нары шұнақ аяз қайтпайды. Күні - түні суық ызғар, үскірік боран соғып тұрып алады деп жорамал жасайды.
Ал күземі алынған малдар бір- бірінен алыс жатып жусаса, алдағы қыс жәйлы болады, қыс жылыман өтеді. Алашағыр қар жауады. Мал дала жайылыммен қыстан өтеді деп жорамал жасайды. Үркер жамбасқа түскенде көктем айы басталды. Көк құт көзін аштты. Өсімдік тамыр жарды. Жер асты жебіді. Жыл құсы оралды деп, қыстаудағы малын төлдеулікке қарай айдап өргізе бастайды. Үркер аспан табағынан жоғалып кетіп, қайта көріне бастаған шақта "Қозы пісті, сорпа ас болды", "Шөп буыны толды", "Қымыз сарғайды", "Қозы пышаққа ілінді" деп марқа қозыларды союға рухсат береді. Үркер аспаннан көрінбей жаз шілде айы өтпей, қозы-лақ соймайды (қырық күн шілдеде сойылған малдың етінің майы көбік болып сорпаға шығады, құнары аз болады. Үркер көкке көтерілмей көк піспейді. Көк піспесе, мал еті көбең болады деп ырым етеді). Келер жылғы төл қысырайды. Мал басы кемиді. Төл қысыраса, төре болса да, төл киесі ұрады деп сенеді.
Бағзы заманғы аналарымыз, өріске бармай-ақ, мал жаймай-ақ, үйде отырып, сойылған малдың ішек-қарнын тазалағанда, тоқ ішектегі малдың құмалағына қарап, алыстағы мал өрісінің шөпбінің піскен-піспегенін бірден біліп отырады. Егер, тоқ ішектегі қый-сары құмалақ болып, қолға жұқпаса, қатты болып жылтырап тұрса, жайылыстағы шөп пісіпті. Дәрілік қуаты толыпты. Жыл жәйлы екен. Алдағы қыс мал мен жанға жақсы болғалы тұр деп жорыса, малдың тоқ ішегіндегі қый-құмалаққа айналмай, қолға жұғатын былжырақ, қый қалпында болса, онда жәйлім піспеген екен. Малды ашылатып тұзды-сорлы жерге жайыңдар. Үркер көтерілгенімен, көк көтерілмепті.
Алдағы қысқа ерте жаздан дайындық жасаңдар деп ескерту жасайды. Қазақ халқы - мал мен құстан артық есепші жоқ деп ұйғарады. Үркер - жоғалып кетіп, қайтадан аспанда пайда болған күні, қошқар басын көтереді. Сауықтарға тап береді. Үркер көтерілгенде шөпте бірге көтеріліп, ұзарып өсіп толады. Шөп нілі мен қуаты күшейеді. Шөп буыны бекиді. Нәрі басына жыйналады. Шөп басы үшталады. Хоректгі жоғарлайды. Емдік әсері күшейеді. Жыл құстары, жылы үйекке қайтуға бағытталады. Балапандарын самғатып, аспанда машықтандырып, шырайнала ұшады. Ұзақ сапарға қанаттарын қатайтып дайындайды.
Қазақ есепшңлері - Үркер шоқ жұлдызының сырын, есте жоқ ескі замандардан-ақ, өте жақсы білген, әрі тұрмыс, шаруашылығын өркендетіп, ұстауына негізі белгі етіп, нақты ғылми дәлелдермен дұрыс пайдаланған. Үркер - Күн мен Айдың аспандағы жүретін жолына, ең жақын "Аспанның бағдар шырағы" деп таныған. Темірқазық жұлдызын ғана емес, түн қатып жүру үшін Үркер шоқ жұлдызын бетеке алып, баратын жеріне адаспай жету үшін, Үркер шоқ жұлдызын бағдар шамдай жақсы пайдаланған.
Үркер шоқ жұлдызы - шілде айында 40 күн көрінбей кеткеннен кейінгі, басқа уақыттың бәрінде аспанда жайнап көрініп тұрады. Есепші емес, кез келген малшы, егінші, аңшы, құсшы, сауыншы қазақ Үркер шоқ жұлдызын өте жақсы біледі. Әуелі кештен - таңатқанға дейінгі уақыт аралығын Үркердің көк жүзіндегі жүзіп жүрген жүрісіне қарап айтып береді. "Үркер көрінді", "Үркер туды", "Үркер төбеге таяды", "Үркер көкжиекте жатыр", "Үркер өріп шықты", "Үркер көтеріліп келеді", "Үркер жамбасқа түсті", "Үркер Ай қолтығында", "Үркер жерде", "Үркер хақ төбеге келді", "Үркер батыста", "Үркер шығыс жақта" т.б. Үркер жұлдызы арқылы уақытты дәл көрсететін қазақтай ұлт жер бетінде сирек кездеседі.
Үркердің саны нешеу?
Аспандағы жұлдыздың алтауы Үркер,
Қатып қалған қайысқа сорпа бүркер.
(Қазақ қара өлеңінен)
Бағзылар - "Үркер жеті жұлдыз. Жеті жұлдыз батпай, жерге жаз келмес" дейді. Ал қара өлеңдегі алты жұлдыз ол жәй көзге крінгенін айта салған. Қазақ есепшілері Үркер шоқ жұлдызын қамыс қуыстарынан қарапайм телескоф жасап бақылап, Үркердің 200 гетіпті мыңға жуық шоғыр жұлдыз екенін ерте замандарда анықтаған. "Үркердей мың қойың болса, мұртыңды балта кеспейді, қабыңды кедейлік теспейді" деген тәмсіл сөз содан қалған.
Үркер - Айдың сол жағынан тоғысады. Үркер- бірыңғай аспанның батысына қарай жүреді. Қыс айындағы, ең ұзақ түндерде, Үркер аспанның хақ ортасында туып, анық көрініп тұрады. Бұл қыстың сақылдаған сары аязды кезін білдіреді. Сол тәрізді Үркемен байласты көп нәрсені аңғаруға болады. Қаңтар айында " Үркер туса, таң ұзарады, түн қысқарады", Наурыз айында туғанда" Күн мен түн теңеледі", "Мамыр-маусымда Үркер жасырынады", Тамызда " Үркермен бірге көк( шөп) көтеріледі", " Үркер көтерілгенде дахыл дән алады", Қыркүйекте" Үркермен бірге, Қошқар, Теке, бас көтереді, үрғашылары құйрық көтереді". Үйірге түсуге дайындалады. Осы кезде малшыдар төлді ерте тудырып, қысыратпау үшін қошқар мен текеге "Қүйек" байлайды. Бұл айды қазақ "Күйек айы" деп те атап кеткен.
Қазан, қараша айларында Үркер батпай таң атпайды (бұл екі айда Үркер күндіз әбден жарық түскенде барып батады). Қазақ есепшілері "Ақтоқсан" кірді. "Арқаржалақ", "Теке бұрқылдақ" басталады деп есептейді. Қошқар мен Текеден күйек шешіп, оның ауызына бйдай, тары құйып "Төл көп болсын" деп саулықтарды ұрықтандыруға қосады. Жабайы аңдардан Арқар Құлжа, Тәутеке үйірге түседі. Олар да бйік жартасқа шығып алып, қауіпсіз жерді мекендеп, жайлмай тас жалап, денесіндегі майын арылту үшін, екі жұмадай тас жалап жатады. Қазақ есепшілері оны" Арқар жалақ" деп атайды. Қаңтар айының 11 жұлдызында, Үркер шоқ жұлдызына бас беріп жатады да, Үркер батқан кезде тастан атылып, ұрғашы саулықтарға қарай ұмылады. Кейбірі өлерменденіп тастан үшып өледі. Кейбірі саулыққа таласып сүзісіп жараланады. Бұлар бір ай шамасында табандарын шөпке, жұмсақ жерге тигізбей қатты тасты басып тұрып, денедегі майын арылтады. Осының бәрі үцірге түсуге , шағылысуға арналған қошқар, текелердің әрекеті. Оны қазақ "Тасбасты" деп атаған екен. Соған дейін олар (Арқар, Таутеке, Құжалардың теке-қошқарлары) үйірге түспейді. Бұл аңдардың тәбиғый сұрыптатын жаратылыс берген заңы.
Осы кезде ауарайы өзгереді. Қар бұрап, боран соғып, күн суыттады. Оны қазақ "Теке бұрқылдақ", "Арқаржалақ" амалы деп атайды.
Әне, Үркер шоқ жұлдызын адам баласының есепшілер ғана пайдаланбайды. Жабайы аңдар да, өзінің жаратыстық әрекетіне пайдаланады. Қазақ есепшілері жұлдыздық амалдарды да, дұрыс есептей білген.
1. Наурыз айының 9-24 жұлдызы "Бес қонақ амалы", 18-21 жұлдызы "Әз амалы" кіреді. Өлі арада күн салқын тартады. Қарлы борқақ болады. 26-28 жұлдызы "Құс қанаты амалы" кіріп, Қапалақтап қар жауады. Осы қармен жыл құсы ілесе келеді. Қазақтың "Құсқанат амалы" деп жүргені осы.
2. Көкек айының 9-14 жұлдызында "От амалы" кіреді. Жер оты тебіндеп мал көк ішектей бастайды. 18-19 жұлдызы "Қызыр қамшысы амалы" немесе "Сәуір амалы" кіреді. Бұл амалда күн күркіреп, Найзаған жарқылдайды. Соған қарап, бұл амалды кей аймақтарда " Қызыр қамшысы амалы" деп атап кеткен. Ал бағызаман есепшілері "Сәрір амалы" деп атаған. Осы амалда жауған жауынға бастарын тосатын ырым жасаған. "Көтемдегі жауын-сауып тұрған сауын" деп бағалаған.
3. Мамыр айының 9-14 жұлдызында "Сартан амалы" (кей аймақта мұны "Бұршік амалы", "Қызыл жұмыртқа амалы" десе, басқа өңірлерде" Құралай салқын амалы дейді), 19-25 жұлдызында "Зауза амалы" кіреді. (Осы күндері Сартан жұлдызынан кейін, Зауза жұлдызы туады. Киіктер құралайын, лағын өргізсе, қаз, үйрек балапанын жұмыртқадан шығарады). Осы амалдардан кейін Үркер шоқ жұлдызы аспаннан ғайып болады. 29-31 жұлдызы өліарада "үркердің батуы амалы" кіріп көктем амалдары толық аяқтайды.
4. Маусым айының 9-14 жұлдызында "Қыркүйек амалы" 19-25 жұлдызында "Мырза амалы" кіреді. Бүл кезде жаздың ақ жауындары басталады.
5. Шілденің 9-14 жұлдызында "Бас шілде амалы", 19- 25 жұлдызында "Сарша амалы" кіреді. Шілденің аптап ыстық күндері басталады.
6. Тамыз айының 9-14 жұлдызында "Үркер толғақ амалы", 19-25 жұлдызында "Сарша тамыз амалы" кіреді. Осы кезде Үркер аспанға көтеріледі. Артынан Таразы жұлдызы туып, таң мен кеш салқын тартады. Осы амалдар өткенде жаз амалы толық аяқталады.
7. Қыркүйек айының 9-14 жұлдызында "Масақ амалы", 19-25 жұлдызында "Таразы амалы" кіреді. Аспанда Сұмбіле жұлдызы туады. Тары, бидай піседі. Егінге орақ салады. Су суиды.
8. Қазан айының 9-14 жұлдызында "Қаражел амалы", 19-24 жұлдызында "Бұғы мүйіз амалы" кіреді. Бұл кезде жауған қарға бұғылар мүйізін төсеп, келе жатқан қыстың қырын байқайды. Мүйізі сырқыраса, бұл қыстың қатты, аяздың күшті болатынын сезіп жер аударып кетеді. Ал мүйізі сырқырамаса, жайланып жайылып жүре береді. Сондықтан бұл амалдың атын "Бұғы мүйіз" деп атаған.
9. Қараша айының 9-14 жұлдызында "Қауыс амалы", 19-25 жұлдызында "Боқырау амалы" кіреді. "Қауыс кәрі - құтаңды тауыс" деп , қыс қырынан шықпайтын малды сойып не сатып жібереді. Осы амалда күн кұрт суып, боққа қырау қатады. Соған байлап "Боқырау амалы" деп атаған. Бұл амалдар өткенсоң, күз амалдары толық аяқталады.
10. Желтоқсанның 9-14 жұлдызында "Ақырап амалы", 19-25 жұлдызында "Серне амалы" кіреді (Бұл амалды кей аймақта "Қырбастың қызылы", "Текебұрқылдақ",
"Арқаржалақ" деп атайды). Бұл кезде аяздың ден алып күшейген кезі.
11. Қаңтардың 9-14 жұлдызында "Қырқаяқ амалы", 19-25 жұлдызында "Тоқырау амалы" кіреді. Бұл амалды түн ұзарып барып тоқырайды. Бұны "Түннің қысқы тоқырауы" деп атайды. Соған бағып "Тоқырау амалы" деп атаған.
12. Ақпанның 9-14 жұлдызында "Ақпан амалы", 19-25 жұлдызында "ұт" немесе" Тақпан амалы" кіреді. (Бұл амалда Үркер шоқ жұлдызы тас төбеде тұрады. Күні-түні сақылдаған сары аяз жүреді. Қар омылап түседі. Осы амалдардан кейін, қыс амалы толық аяқтайды.
Қазақ халқы бір жылдағы 24 амалды дұрыс есептеудің нәтижесінде, қыстауға қай айда көшу, көктеуге қай мезгілде бару, Отарға малды қашан айдау, жайлауға қашан қоныстану, жолға қандай сәтті күндері шығу, жұлдызға бағып өткел, суаттарды жаңылмай табыудың жолдарын, тәжірибелерін жасаған. Міне, "Астролог халық" деп ұялмай тұрып, қазақ халқын айтуға болады.
"Қазақ астрономиясы" кітабы
Авторы: ҚР Жазушылар Одағының, ҚР Журналистика Одағының мүшесі, Қазақ Әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф, жазушы, сыншы, астролог Болат Бопайұлы. 21.03. 1998 жыл