Бүгінде сахна төрінде өнерін өрлетіп жүрген әншілеріміздің киім киісіне қарның ашатыны рас. Сахна дегеннің өзі араб тілінен аударғанда «киелі, қастерлі» деген мағынаны білдіреді екен. Ендеше осы киелі өнер ордасының төрін сыйламайтын талант иелерінің өресіздігіне неге ашынбассың? Халық ең әуелі әншінің талантына бас иеді, одан кейін киім киісіне де басты назар аударады. Әншілердің басым бөлігі сахна мәдениетіне мән бере бермейді. Адамның көркін ашатын шүберекке мұрын шүйіре қараса онда өзінің қадірін өзі түсіргені. Кейінгі толқын әншілеріміз шетелдік стильге құмартып жүр. Жарасып тұрса айтар сөз жоқ. Жыртық джинсы, спорттық киім, тіпті мәйкімен де шыға беретін болды. Кейде жалаңаш шықпағанына, мәйкінің үстінен галстук тағып алмағанына шүкір дейді «Алаш айнасы» тілшісі.

Бұл біріншіден әншінің беделін түсірсе, екіншіден көрерменді сыйламағандықтың белгісі. Топ-топ болып ән шырқайтын қыздарымыз жартылай жалаңаш шығады. Олар өз өнерлерін көрсетуге емес, тәнінің сұлулығын алға тарту үшін шығатындай. Етектеріне жарты метр шүберек жетпей қалғандай, иық та жалаңаш, арқа да да жалаңаш. Оларға киелі сахнаны қорламаса екен дегің келеді. Өздеріне ұнаса өз орталарында, мейрамханада, дискотекада ән шырқасын. Халықтың құрмет тұтатын киелі өнер ордасын қорламаса екен дұрысы. Дизайнерлеріміз де қазақтың ұлттық киімін жалаңаштап жіберді. Етегі қысқарған, иығы жалаңаш, кеудесі ашық-шашық ұлттық киімдер қаптап кетті. Кейде әншілеріміз, кейде бишілеріміз киіп шыққанда ұялғаннан жерге қарайсың. Әрине, бүркеп тастасын дегіміз жоқ. Ұлттық нақыштағы киімдерімізді қор қылмай заманға лайықтап онда да шектен шығып кетпей, әдемі үйлестіре білсе ұтпаса ұтылмасы хақ. Бұрыннан өнерден сырттап қалмай сахнада жүрген әнші-апаларымыздың кейде шалбар киіп шығатыны бар. Жарасымсыз-ақ. Мүлде кимесін демейміз.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.