Үйіңіз су тасқыны салдарынан суға кетсе, не істеу керек? Заңгер кеңесі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

Қазір елде су тасқыны мәселесі ырық бермей тұр. Тілсіз жауға төтеп беру қиынға соғып жатыр. Көптеген ауыл тұрғындарының үйлері суға кетті. Су тасқыны салдарынан үйіңізді су басса, қандай көмек ала аласыз? Бұл сұраққа заңгер Думан Көпбаев жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазір елде су тасқыны мәселесі ырық бермей тұр. Тілсіз жауға төтеп беру қиынға соғып жатыр. Көптеген ауыл тұрғындарының үйлері суға кетті. Су тасқыны салдарынан үйіңізді су басса, қандай көмек ала аласыз? Бұл сұраққа заңгер Думан Көпбаев жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман мұндай жағдайда біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты.

"Әлеуметтік көмек көрсету бойынша 50 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі, бұл 184 600 теңгеге тең. Ол үшін әкімдікке немесе ауылдық округ әкіміне келтірілген залал фактісін растайтын өтінішпен және құжаттармен (ТЖ органдарының анықтамасымен) жүгіну қажет", - дейді заңгер.

Заңгер сондай-ақ зардап шеккендерге жергілікті бюджет қаражатынан төлемдер көрсетілетінін ескертті.

"Жылжымайтын мүлікке (үйге, ғимаратқа), жылжымалы мүлікке (автокөлікке, ауыл шаруашылығы техникасына және т.б.), малға және т.б. залал туындаған кезде зардап шеккендерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен төлемдер көрсетілетін болады. Ол үшін жергілікті әкімдіктерге өтінішпен жүгініп, жоғалған мүліктің тізбесін және меншік құқығын тіркеу туралы растайтын құжаттарды қоса беру қажет. Мал бойынша АЖТ (ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу) жүйесінде тіркеу қажет. Залалдың мөлшерін жергілікті атқарушы органдар тәуелсіз сараптама жүргізу арқылы айқындайды", - дейді Думан Көпбаев.

Өрт немесе дүлей зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтарға жоғалған, бүлінген, мүлікке елеулі залал келтірілген кезде отбасына әлеуметтік көмек көрсету заң бойынша қарастырылған. Көмек алуға қойылатын талаптар: табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру.

Әлеуметтік көмек алу үшін қаланың, ауданның халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі атқарушы органына немесе тұрғылықты жері бойынша ауыл, ауылдық округ әкіміне мынадай құжаттармен жүгіну қажет:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
  • табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген
  • залал фактісін растайтын құжаттар.

Еске салайық, еліміздің бірнеше өңірінде су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro