WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады ©️depositphotos.com/dimarik

WhatsApp-та орыс тіліндегі дауыстық хабарламаларды мәтінге айналдыратын тегін функция қосылды, деп хабарлайды Tengri Life мессенджер әзірлеушілерінің блогына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp-та орыс тіліндегі дауыстық хабарламаларды мәтінге айналдыратын тегін функция қосылды, деп хабарлайды Tengri Life мессенджер әзірлеушілерінің блогына сілтеме жасап.

Бұл функцияны қосу үшін "Баптаулар" мәзіріне өтіп, "Чаттар" бөлімінде "Дауыстық хабарламаларды мәтінге айналдыру" тармағын таңдап, тілдік пакетті жүктеу қажет.

Әзірлеушілер мәліметінше, бұл функцияны қолдана алатын тілдер тізімі Android және iOS жүйелерінде әртүрлі болуы мүмкін. Орыс және ағылшын тілдері екі платформадан да қолжетімді.

Дауыстық хабарламаны мәтінге айналдыру үшін оны басып тұрып, ашылған мәзірден "Транскрипциялау" батырмасын таңдау қажет.

"Мәтінге айналдыру тікелей сіздің құрылғыңызда орындалады, осылайша жеке хабарламаларыңызды тек өзіңіз оқи аласыз немесе тыңдай аласыз - олар WhatsApp-қа да қолжетімді емес", - деп сендірді әзірлеушілер.

Айта кетейік, бұл функция "алдағы апталарда" бүкіл әлемде кейбір тілдерде қолжетімді болады, ал басқа тілдер алдағы айларда қосылады деп жоспарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети