26 маусым 2024 | 11:48

Ыстықта судан басқа не ішуге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Ыстықта сусыздану ауыр өтеді. Сондықтан хал-жағдайыңыз жақсы болуы үшін сұйықтықты қанша ішу керегін білген жөн, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ыстықта сусыздану ауыр өтеді. Сондықтан хал-жағдайыңыз жақсы болуы үшін сұйықтықты қанша ішу керегін білген жөн, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.

Тіпті, жеңіл сусызданудың өзі денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Бас ауыруы, есте сақтау проблемалары, құрғақ тері, асқорыту қиындықтары, жүрек айну және т.б жағымсыздықтар орын алуы мүмкін.

Күніне суды жеткілікті мөлшерде ішу керегін білетін боларсыз. Ыстықта шөлді судан басқа немен қандыруға болады? Алкоголь, энергетикалық сусындар және тәтті лимонадтар бұл тізімде жоқ.

Ыстықта судан басқа не ішуге болады?

Бірінші кезекте қарапайым көк шайға мән беріңіз. Бастысы, оған қант қоспаңыз. Сондай-ақ минералды су, морстар, сүт-қышқылды сусындар, кепкен жемістердің қайнатпасы шөлді жақсы қандырады. Табиғи шырындарды да ішуге болады, бірақ оларды сумен араластыру керек. Егер ерекше сусын ішкіңіз келсе, балдыркөк шырыны мен лимон шырынын араластырып, оған су (1:10) қосып көріңіз. 

Сусындарға мұз салып ішпеген жөн

Ыстық ауа райында сусындарыңыздың температурасына мән берген дұрыс. Көпшілік сусындарына мұз қосып ішеді. Алайда ыстықта бөлме температурасындағы сұйықтықтарды ішкен жөн. 

Сұйықтықты қанша ішу керек?

Сізге қанша су керегін ешкім нақты айта алмайды. Алайда адамға орташа есеппен тәулігіне 2-2,5 литр су керек. Алайда сстықта тәулігіне шамамен 5 литр су ішкен дұрыс. Су ішу режимі ауа райына ғана емес, сіздің белсенділігіңізге байланысты да өзгеруі керек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети