19 желтоқсан 2024 | 12:28

Заңсыз шырша кескендер қанша айыппұл арқалайды?

Фото: depositphotos.com

Алматы облысы әкімдігі заңсыз шырша кескендер қанша айыппұл арқалайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы әкімдігі заңсыз шырша кескендер қанша айыппұл арқалайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында елімізде қылқан жапырақты ағаштарды (шырша, қарағай және басқалары) заңсыз кесу жағдайлары жиі кездеседі. Әсіресе шыршалар дүкендерде және базарларда сатылады, бірақ оны заңсыз кесу - экологиялық қауіпті әрекет ғана емес, сондай-ақ құқықбұзушылыққа жатады.

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес, орман қорына жататын ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау үшін қатаң жазалар қарастырылған. Егер залал 50 АЕК (Айлық есептік көрсеткіш) көлемінде болса, жеке тұлғаларға 369 200 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ал шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдарға 1 107 600 теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 1 476 800 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 3 692 000 теңге айыппұл салынатын болады", - делінген хабарламада.

Бұл жазалар тек әкімшілік сипатта ғана емес, егер шығын 50 МРП (минималды айлық жалақы) мөлшерінен асып кетсе, қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де қарастырылады. 

Орманды қорғау, экологиялық теңгерімді сақтау - әрбір азаматтың міндеті. Әкімдік Жаңа жылдық шырша мен қарағайды заңсыз кесудің салдары ауыр болатынын айтып, тұрғындар мен кәсіпкерлерге табиғатты қорғауға шақырды.

Реклама
Реклама
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Қазақстанда күн суытады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная