Жарық сигналымен “рақмет“ айтқан жүргізушіге айыппұл салынған ба? Полиция даулы видеоны түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Әлеуметтік желіде ер адамға жолда авариялық жарық сигналын қысқа уақытқа қосқаны үшін айыппұл салынғаны туралы видео тарады. Бұл әрекет жүргізушілер арасында "рақмет" ретінде кең тараған. Мәселенің мән-жайын Tengri Auto анықтады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде ер адамға жолда авариялық жарық сигналын қысқа уақытқа қосқаны үшін айыппұл салынғаны туралы видео тарады. Бұл әрекет жүргізушілер арасында "рақмет" ретінде кең тараған. Мәселенің мән-жайын Tengri Auto анықтады.

Таралған видеода ер адамға жолда авариялық жарық сигналын қосқаны үшін айыппұл салынғаны айтылады. Кадрларда әйел ер адамға авариялық сигналды "рақмет" айту үшін қосуға болмайтынын түсіндіреді. Оның сөзінше, жол қозғалысы ережелерінде тек жеті жағдайда ғана авариялық жарықты қосуға рұқсат етілген.

Кейін видео барысында жолдағы жағдай көрсетілді: ер адам көліктің алдын қиып өтіп, көршілес жолаққа ауысады да, оны жіберген жүргізушіге "рақмет" ретінде авариялық жарық сигналын бірнеше секундқа қосады.

"Мен бұрылуға синал жақтым, ол мені жіберді. Мен жолдан өттім де, "рақмет" айттым. Енді сол үшін маған айыппұл", – дейді ер адам.

Видео қоғамда үлкен резонанс тудырып, пікірлерде көптеген наразылық айтылды. Себебі авариялық жарықты "рақмет" ретінде қосу жүргізушілер арасында кең таралған және бейресми қарым-қатынас тәсілі болып табылады.

Алматы Полиция департаментіне жағдайды нақтылау үшін жүгіндік. Ер адамға айыппұл "рақмет" үшін салынбағаны белгілі болды.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Автокөлік жүргізушісі апатты жағдай туғызғаны туралы жазбаша шағымнан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция инспекторы хаттаманы ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігіне сәйкес толтырды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдарынан апатты жағдай туғызуды білдіреді. Мұндай жағдайда басқа қатысушылар жылдамдықты немесе қозғалыс бағытын күрт өзгертуге мәжбүр болады. Бұл бап бойынша айыппұл көлемі 10 АЕК, яғни 39 320 теңге болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети