Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды Midjourney

Қазақстандық байланыс операторы кейбір тарифтердің бағасын көтермек. Бұл қадамның себептерін Tengrinews.kz анықтап көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық байланыс операторы кейбір тарифтердің бағасын көтермек. Бұл қадамның себептерін Tengrinews.kz анықтап көрді.

Бұған дейін Kcell және Activ абоненттеріне тарифтер бойынша абоненттік төлем өсетіні туралы хабарламалар келген болатын.

Редакцияның ресми сұрауына жауап ретінде Kcell (Activ брендінің иесі) 13 желтоқсаннан бастап Kcell және Activ 18 тарифтік жоспар құнын өзгертуді жоспарланғанын хабарлады.

"Бағалардың орташа өсімі тарифтің қазіргі шарттарына байланысты 6-дан 25 пайызға дейін (орта есеппен 400 теңге) болады", – деп хабарлады Kcell өкілдері.

Компания мәліметінше, Kcell және Activ тарифтік саясаты нарықтық жағдайларға байланысты қалыптасады.

"Біздің өзіндік құнымыз жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, электр энергиясының қымбаттауы тариф құнына тікелей әсер етеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, бір базалық станция 20 орташа пәтер тұтынатын электр энергиясын пайдаланады. Сонымен қатар, валюта бағамының ауытқуы да қызмет құнына әсер етеді, себебі желіні жаңғырту және қолдау үшін қажетті жабдық шетелден сатып алынады", – деп түсіндірді компания.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) Tengrinews.kz сұрауына жауап ретінде 2017 жылдан бастап мемлекет ұялы байланыс операторларының қызмет көрсету бағасын реттемейтінін айтты. Байланыс туралы заңға сәйкес, операторлар баға мен тарифтерді өздері анықтайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети