Жол полицейлері енді салмақ және бой өлшейтін құрал алып жүре ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол полицейлері енді салмақ және бой өлшейтін құрал алып жүре ме?

 Күні ертең «Жол қозғалысы ережесі туралы» заң күшіне енеді. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес жүргізушіге көлікпен 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдағанда арнайы автокресло немесе балаларға арналған арнайы қәуіпсіздік белдемшелерді пайдалану міндеттелді. Заңның дәл осы бабы қоғамда айтыс-тартысқа себеп болып тұр.

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Қанат Сәдуақасов айтуынша, бұл талап «автомобиль салонындағы жолаушылардың бәрі қауіпсіздік белдігін тағып отыруы тиіс» деп көрсетілген жол қозғалысы конвенциясына сүйеніп енгізілген.

Иә, баланың қауіпсіздігін ойлаған жөн-ақ. Заңды жазушылардың пайымдауынша, кішкентай балаларды автокреслоға отырғызу, ал автокреслоға симайтын балаларға арнайы қауіпсіздік жабдықтарын пайдалану олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал, қарапайым қауіпсіздік белбеуі көлік тежегішін бірден басқанда немесе көлік соқтығысқанда баланың мойын омыртқасына залал келтіруі, тіпті мойынына оралып тұншықтырып тастауы ықтимал.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.
 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course up  595.85  course up  6.55  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети